Биліктің маған қарсы санкциясына дайынмын – Әбілов
Қазақстандық кәсіпкер және саясаткер Болат Әбілов азаматтарды Қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алуға арналған рұқсат етілмеген митингіге қатысуға шақырды. Ол «Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңды Конституцияға қайшы деп санайды.
Бизнесмен, қоғам қайраткері Болат Әбілов тоғыз жыл үнсіздіктен кейін саяси аренаға оралды.
Болат Әбілов Orda.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында «Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңды Конституцияға қайшы деп санайтындықтан, әкімдіктен митинг өткізуге рұқсат алу ниеті жоқ екенін айтты.
«Қазір біз заңды қор құрдық. Біз заңсыз қамауға алынғандарға көмектесіп, бірнеше ондаған отбасына қолдау көрсеттік. Қайғылы оқиғадан бері 40 күн өтті. Марқұмдардың рухына тағзым ету – азаматтық борышым. Мен адам, азамат ретінде үнсіз қала алмаймын. Мен аталған заңды дұрыс деп есептемеймін. Мен оны конституциялық тұрғыдан дұрыс емес деп санаймын. 2006 жылы әріптесім Алтынбек Сәрсенбайұлы қаза тапқанда біз – Ораз Жандосов, Төлеген Жүкеев үшеуміз рұқсат сұрамай-ақ, рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырдық, өйткені рұқсат берілмейтіндігін білген едік» дейді Болат Әбілов.
Бұл рұқсат етілмеген митингі үшін Болат Әбілов 15 тәулікке қамалып, аштық жариялады.
«2011 жылы Жаңаөзенде атыс болып, адамдар қаза болған кезде мен де рұқсат етілмеген митингі ұйымдастырып, екі рет 15 күн түрмеде отырып, аштық жарияладым. Үш рет рұқсат сұрамай, кетіп қалдым. Енді рұқсат сұрауды дұрыс емес деп ойлаймын, рұқсатсыз шығуға болады. Жеке өзім боламын. Бұл заңдар конституциялық емес деп есептеймін. Оларды қарап, түбегейлі өзгерту керек, сондықтан мен ешқандай өтініш берген жоқпын. Егер билік маған қарсы санкция қолдануға дайын болса, оның зардаптарын көтеруге дайынмын» деді Болат Әбілов.
Алматы әкімдігі оларға Болат Әбіловтен бейбіт митинг өткізу туралы өтініш түспегенін хабарлады. Мегаполистің әлеуметтік даму басқармасы 2020 жылдың 23 маусымынан бастап Шоқан Уәлиханов атындағы саябақта, Махатма Ганди және Family Parkтағы «Сары Арқа» кинотеатрының артында бейбіт митинг өткізуге болатынын атап өтті.
Болат Әбілов деген кім?
Болат Әбілов – саяси және қоғам қайраткері, кәсіпкер, Қазақстан меценаттар клубының төрағасы. Ол ел Парламенті Мәжілісінің депутаты, сонымен қатар президенттің штаттан тыс кеңесшісі болған.
90-жылдардың басында Әбілов «Халық мәдениеті мен руханиятын қорғауда» республикалық ақша-киім лотереясының жетекшісі болды. 1991 жылдан 2000 жылға дейін Болат Әбілов «Бутя» ЖАҚ президенті болды. 1994 жылы ол президенттің штаттан тыс кеңесшісі болды. Ал 1997 жылы «Қайрат-Бутя» футбол клубын басқарды.
1999 жылдың күзінде Болат Әбілов «Отан» партиясының тізімі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды. 2000 жылы депутаттық мандат алды, сол жылы Қазақстан меценаттар клубын басқарды. Оның құрамына белгілі кәсіпкерлер Райымбек Баталов, Еркен Қалиев, Марғұлан Сейсембаев, Нұрлан Смағұлов, Нұржан Субханбердин және Қайрат Сатылғанов кірді.
2001 жылы Болат Әбілов Президент жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің құрамына енді, кейін «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық бірлестігінің саяси кеңесіне мүше болды.
2001 жылдың аяғында Әбілов «Отан» партиясынан шықты, содан кейін депутаттық корпустан шығарылды. 2003 жылы «Ақ жол» ҚДП президиумының төрағасы болды.
2005 жылы Болат Әбілов тіркелмеген «Нағыз Ақ жол» партиясының тең төрағасы болып сайланды. Бірақ бір жылдан кейін полиция қызметкеріне тіл тигізгені үшін 2,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды.
2008 жылы наурызда ол оппозициялық демократиялық «Азат» партиясын басқарды.
2013 жылы ол саяси қызметін уақытша тоқтатып, шығармашылық жоспарлармен айналысуға шешім қабылдағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан туралы фильм түсіріп, кітап жазуды жоспарлаған.
Болат Әбілов талай рет билік әрекетіне қарсы шығып, 2012 жылы Жаңаөзен құрбандарын еске алу митингісіне шыққан. Одан кейін Алматыда Республика алаңына 2 мыңға жуық адам жиналды.
Жаңалықтар
- Сурхандарияда қызын қорлап, нәжіс жеуге мәжбүрлеген әкеге қылмыстық іс қозғалды
- Елімізде небәрі 240 адам тұратын ең аз ұлт қайсы?
- «Семей орманы» резерватындағы ірі өрт екі аптадан кейін толық сөндірілді
- Жарты жылда жеті адам қаза тапты: Жамбыл облысында өндірістегі жазатайым оқиғалар неге әлі де тоқтамай тұр?
- Футболдағы әлемдік жанжал: Трамп күйеу баласы арқылы додаға қол салды
- Жапониядағы күшті жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты, дүмпулер қайталануы мүмкін
- АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактағы Иран қолдайтын террористік нысандарға соққы берді
- Трамп пен Зеленский Ақ үйде жабық кездесу өткізді
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»
- Түркістан облысында мәслихат депутатына қатысты Қытай азаматының арызы бойынша тексеру жүріп жатыр
- Желі мәдениеті: Тоғыз треш-стример жауапкершілікке тартылды
- «Орда», Ninety One және Қайрат Нұртастың әндерінің авторы Сержан Бақытжанұлы қайтыс болды
- Астана полициясы көші-қон қызметі басшысының орынбасары ұсталды – БАҚ
- Арасында қытайлықтар бар: ШҚО-да заңсыз алтын өндіріп жүргендер құрықталды
- Тоқаевқа бюджет қаражатын жымқырғандар туралы баяндалды