Билікті күшпен басып алуға шақырған қырғызстандық ақын бас бостандығынан айырылды
Фото: facebook / Айкөл Манас
Бішкектің Свердлов аудандық сотының судьясы Жолдошбек Сулайманов ақын Асқат Жетігенді үш жылға бас бостандығынан айырды.
Бұл туралы құқық қорғаушы Гүлшайыр Әбдірасулова хабарлады.
Оның айтуынша, ақын билікті күшпен басып алуға жария түрде шақырғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.
Асқат Жетіген 278-бап «Жаппай тәртіпсіздіктер» бойынша ақталды. Асхат Жетіген кінәсіз екенін және сараптама оның мәлімдемелерінен заңсыз ештеңе таппағанын айтты. Мемлекеттік айыптау Асқат Жетігенді сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері 17 наурызда ақын Асқат Жетігенді билікті сынағаны үшін ұстап, «Билікті күшпен басып алуға шақыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол Нарыннан Бішкекке жеткізіліп, 48 сағатқа уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сәуірдің 9-ы күні Асқат Жетіген Уәкіл мен Азаптаулардың алдын алу ұлттық орталығына жүгініп, 20 наурызда қайта ұсталған күні азаптауға ұшырағанын мәлімдеген. Ол бір сағатқа жуық электр тоғымен азаптағанын хабарлады.
Түсіндірме жазбасында ақын азапталмағанын, қазір оның денсаулығы мен қауіпсіздігіне ешнәрсе қауіп төндірмейтінін жазған.
«Менің абақтыдағылар мен мекеме қызметкерлеріне ешқандай шағымым жоқ. Түсіндірме хатты өз қолыммен және дұрыс жаздым» делінген хатта.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық