«Билікті басып алуға тырысқан» кәсіпкер сотта мойнын тіліп жіберді
Фото: Мақсат Құтманбеков
Бішкекте «билікті басып алуға жария түрде үндеді» деп айыпталған күдікті сот залында өзін жаралады, деп хабарлайды Orda.kz Азаттықтың Қырғыз қызметіне сілтеме жасап.
KG Group құрылыс компаниясының негізін қалаушы Имамидин Ташовты қарауылдар тоқтатқан. Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі шақырылып, Ташов ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер айыпталушының жағдайының жақсы екенін айтып, ол қайта тергеу изоляторына жіберілді.
6 желтоқсан күнгі сот отырысында судья айыпталушы Имамидин Ташовтың қамау мерзімін 2025 жылдың 8 ақпанына дейін ұзартқан.
Ташовтың адвокаты, қазір өзі де қамауда отырған Самат Матцаков судьяға өзін сот процесіне қатыстыру туралы өтініш жазған. Прокурор өтінішке қарсы шықты.
Имамидин Ташов 2024 жылдың сәуір айында ұсталған. Содан бері ол тергеу изоляторында отыр. Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің ресми мәліметі бойынша, кәсіпкер «билікті күштеп басып алуға оқталғаны үшін» іздеуге ілініп, Шу облысында ұсталған.
Жаңалықтар
- Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
- Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды
- Қазақстан үшін ғарыш — тек ғылыми сала емес, ұлттық мақтаныш, стратегиялық даму бағыты
- ХҚКО-лардың қызметі азайып, бәрі онлайн форматқа өтіп жатыр
- АҚШ пен Иран келіссөздерді уақытша тоқтатты: Бітімгерлік келісім аяқсыз қалды
- Қырғызстандық спортшы 190 тонна болатын сегіз вагонды 6,5 метрге сүйреді
- Түнде Астанадағы өрттен үш бала қаза тауып, әйел ауруханаға түсті
- Мемлекет басшысы еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
- Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?
- АҚШ профессоры: Трамп тығырыққа тірелді, Иран әлемді аузына қаратып отыр
- Тоқаев Трампқа «Артемида-2» миссиясы ғарышты игерудегі тарихи кезең екенін айтты