Биліктегілерге «сыйақы»: Ақтөбеде 6 млрд жымқырған мұнай компаниясының 5 қызметкері сотталды
Фото: Pexels
Ақтөбеде №2 қалалық сот «Ту-Ха мұнай технологиялық қызмет көрсету компаниясының» ісі бойынша бес адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу мәліметінше, 2007–2021 жылдар аралығында компания директорының орынбасары, бас бухгалтер және олардың үш әріптесі кәсіпорынның 6 миллиард теңгеден астам қаражатын жымқырған.
Сотта олар бұл ақшаны мемлекеттік органдардағы шенеуніктерге «сыйақы» ретінде бергенін айтқан.
Алайда сот бұл уәжді дәлелсіз деп танып, оны «жауапкершіліктен қашу» әрекеті деп бағалады.
Іс материалдарына сәйкес, айыпталушылар ұрланған ақшаға елдің әр қаласынан 16 пәтер, 8 жер телімі, «Юрта Парк» пен балаларға арналған «Принцесса Сабина» кешенін қоса алғанда 3 ойын-сауық орны, 4 бизнес санаттағы автокөлік және басқа да мүліктер сатып алған.
Нәтижесінде сот оларды 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Айыпталушылардың бірі сот залында қамауға алынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық