«Билікке талас»: ақтөбелік экс-әкім Қаңтар оқиғасы туралы нені тұспалдады
Ақын, экс-әкім, ақтөбелік желтоқсаншы Қаңтар оқиғасы туралы пікір білдіріп, болжамдарымен бөлісті.
«1986 жылы Желтоқсан оқиғасында болдым. Бұл туралы айта бермеймін. Көзбен көрген адамның бірімін. Ол оқиғаға ешкім оған дайындалған жоқ. Революциялық жолмен үкіметті аударып алғысы келген адамдардың пиғылы сияқты. Бұл жерде көп нәрсе жатыр. Дәлелдейтін уақыт келеді. Оны кезінде кеңестік деңгейдегі мемлекет басшылары мойындағысы келмеді. Қазір мойындалып келе жатыр. Бүгінгі таңда президенттің тапсырмасы бойынша, тікелей нұсқауы бойынша, көптеген шаруалар жасалды»,- дейді Әділкерей Әуелбаев.
Әділкерей Әуелбаев Ақтөбе облысы Шалқар өңірінің тумасы. Осыған дейін өңірде бірнеше ауданның әкімі болған экс-шенді қазір Ақтөбе облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясын басқарады.
«Желтоқсан оқиғасы кезінде халықтың ортасында жүрген беделді адамдар тепкінің астында қалды. Оларға саяси деңгейі жетпейді, нашақорлар, маскүнемдер деген атау берді. Тарих бағалайды мұны әлі. Тек қазақ халқы үшін емес, одақтардың деңгейінде серпіліс болды»,- деді экс-шенеунік.
37 жыл бұрын болған Желтоқсан оқиғасын «серпіліс» деген экс-шендінің Қаңтар оқиғасы туралы да пікірін жазып алдық.
«Жалпы негізінде қарны ашпаған бала жыламайды. Халықтың ортасында наразылық, қол жетпейтін дүниелер бар. Соған жасалып жатқан шерулер. Сондай шерулердің біреуі - Қаңтар оқиғасы. Оны өзіміз көзімізбен көрдік. Қолдан келгенше әйтеуір осы тәуелсіздігімізді құлатпайық, егемендігімізді мықты деңгейде ұстап қалайық деп елдің басшысынан бастап жергілікті жердегі әкімшіліктегі азаматтардың ұйымдастыруымен жұмыстар жүрді. Қателіктеріміз де болды, кемшіліктеріміз де көп. Үкіметке талас, билікке талас. Тап сөйтіп айтудың қажеті барма, жоқ па екенін мен білмеймін. Дегенмен оны ел біледі. Жеме-жемге келгенде соның барлығы елдің берекетін алады»,- деді Әділкерей Әуелбаев.
Экс-әкім елде билік өкілдеріне жиі айтылатын наразылықтарды енжарлық салдары деп бағалады.
«Билік пен халықтың ортасында ешқандай кедергі жоқ. Өзіміздің кішкене енжарлығымыз осыған әкеледі. Ерінбей, еңбек ету керек. Тек Үкімет бере берсе екен деген ой адам баласының психикасына әсер етеді. Мемлекеттік қызметке тамыр-таныс, ағайын-туыс деген емес, білікті маман керек. «Шымшық сойса да қасапшы сойсын». Сондықтан білік мамандар өз орнында болса керемет мемлекет боламыз»,- деді Әділкерей Әуелбаев.
Ардақ Ерубаева, Ақтөбе
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық