Билік өкілдері Täuel[di]siz арт-жобасының кештеріне тосқауыл болды
Фото: Видеодан алынған кадр
Täuel[di]siz арт-жобасының Астанада өтуі керек кеші белгісіз себептермен өтпей қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Арт-жобаның 17 желтоқсанға ұйымдастырылған кеші де «жоспардан тыс жөндеу жұмыстарына» байланысты өтпей қалған.
Бұл туралы Täuel[di]siz арт-жобасының авторы Руслан Жұбаныш мәлімдеді.
«Біз бес жыл бойы үлкен сахнада жасанды интеллект сияқты бүгінгі технологияларды пайдаланып, қалың көпшілік назарына қазақтың заманауи өнерін ұсынып келеміз», - дейді автор.
Оның айтуынша, арт-жоба 2019 жылдан бері 6 қалада мыңнан аса кеш өткізген. Бірақ әр кеште белгісіз себептермен түрлі тосқауылдарға тап келген.
«Бұл жолы алдымызға бұрын-соңды көрмеген үлкен тосқауыл қойылып отыр. Біз осы күнді залдың әкімшілігімен және мәдениет басқармасының тікелей рұқсатымен бекіткенбіз. Бірақ бұл жолы залда «басқа шара өтетініне» және мәдениет басқармасы құжатты «қателесіп» жолдағанына байланысты қорытынды кешіміз өтпейін деп тұр», — деді ол.
Тäuel[dı]sız заманауи арт-жобасы ән, би, күй, поэзияны тоғыстырып, әлем мен елдегі әртүрлі әлеуметтік мәселелерді перфоманс түрінде ұсынып жүр.
Әлеуметтік желідегілер #әуелсізбін хештегін қолданып, тәуелсіз арт-жобаны қолдап жатыр. Олардың дені мәдениет және ақпарат министрлігін айыптап отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық