Билік ақыры журналист Жәния Ұранқаеваны үкімет ғимаратына кіргізетін болды
Коллаж Orda.kz
Бүгін үкімет ғимаратына журналист Жәния Ұранқаеваның кіруіне рұқсат берілді деп хабарлайды Orda.kz.
Еске сала кетсек, Orda.kz бұл мәселе жайлы жазған болатын.
«Әділ сөз» қоры үкімет аппаратына жасаған өтінішінен кейін, Үкіметтің баспасөз қызметі уақытша шектеулерді қайта қарап, Ұранқаеваға 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін өз қызметін толық орындауға мүмкіндік берді.
Журналист барлық өткізу тәртібін және нысан ішінде сақталуға тиісті ережелерді орындауы тиіс.
Еске сала кетсек, 10 қыркүйекте үкімет өткізген брифингте осы мәселені көтеріп тілшілер сұрақ қойған болатын.
Жәния Ұранқаева өзін қолдаған әріптестеріне разылығын білдірді.
«Бүгін (10 қыркүйек) менің үкімет отырысына қатыса алмаған алғашқы күнім болды. 6 қыркүйектен бастап мені ол жерге кіргізбейді. Дегенмен менімен иық тірестіріп қызметтес болып жүрген әріптестерім маған қолдау білдірді. Олар мені қолдап, қорғап, осы қиын сәтте арқа сүйеріме айналды және мен оларға ризамын», — деді Жәния Ұранқаева.
Сондай-ақ «Әділ сөз» қорының басшысы Қарлығаш Жаманқұлова пікір білдірді.
«Алдағы күндері Үкімет аккредитация ережелерін ашық түрде талқылауға мүмкіндік береді. Бар жағдайдың егжей-тегжейін айта алмасам да, журналистер қауымының ұстанымдары ескеріледі деген нақты үміт бар екенін айтқым келеді. Келіссөздер барысында осы шешімге келген Үкімет аппаратының кәсіби ұстанымына шын жүректен алғысымды білдіремін», — деді «Әділ сөз» қорының басшысы Қарлығаш Жаманқұлова.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық