Әбіләзов Қазақстандағы наразылық акцияларын Киев үйлестіргенін айтты
Коллаж Orda.kz
Францияда тұратын қашқын қазақстандық экс-банкир Мұхтар Әбіләзов РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында Қазақстандағы наразылық білдірушілерді тәртіпсіздіктер кезінде әкімшілік ғимараттарды басып алуға шақырғанын айтты.
Бұған дейін Әбіләзов Қазақстандағы наразылық акцияларын Киевтегі ұйымдық штаб үйлестіретінін мәлімдеген.
«Әкімшілік ғимараттарды қоршауға алуға шақырдық. Басып алуға емес, орыс тілінде «постучаться» («есік қағу») деген сөз бар. Ал басып алу деген ол жаулап алу» деді ол.
Қашқын банкирдің айтуынша, оппозиция деп аталатындар әзірлеген алгоритмде дәл осылай жазылған. Сонымен бірге, ол төңкеріс жасап, басып алу туралы сөз де болмаған деп сендірді.
«Біздің ұйымдық штабымыз — дәлірек айтсақ, «Қазақстанның демократиялық таңдауының үйлестіру штабы»* - Киевте орналасқан» деді Әбіләзов.
Оның айтуынша, штаб жұмысы Қазақстандағы алғашқы көтерілістерден кейін бірден қыза түскен. Шерушілер осы штабқа телефон соғып, оларға оппозиция деп аталатындар әзірлеген алгоритмді қатаң сақтауға кеңес берілді. Алгоритм төрт жылдан астам уақыт бұрын әзірленген. Бұл бір жағынан бейбіт шерулерді, соның ішінде тонаушылармен күресуді білдіреді. Бұл ретте әкімшілік ғимараттарды басып алуды көздейді.
Әбіләзовтың айтуынша, қарулы адамдар әкімшілік ғимараттары мен полиция бөлімшелеріне шабуыл жасап, банктер мен дүкендерді тонап, 225 адамды, оның ішінде 19 қауіпсіздік қызметкерін өлтірген тәртіпсіздіктер мемлекеттік төңкеріс әрекеті емес.
Айта кетсек, Париждің апелляциялық соты Қазақстан БТА банкінің директорлар кеңесінің басшысы, Францияда тұратын және Қазақстанда ақша жымқырғаны үшін сырттай сотталған Мұхтар Әбіләзовты соттау мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын. Себебі, оның ісі ескірген.
Неге Әбіләзовқа айып тағылды?
2017 жылдың маусымында Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Әбіләзовты қылмыстық қауымдастық құрды және БТА банкінің қаражатын жымқырды деп, мүлкі тәркіленіп, 20 жылға бас бостандығынан айрылды. Сот ұзақ жылдар бойы шетелде тұрып жатқан Әбіләзовтың қатысуынсыз өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мәліметінше, экс-банкир келтірген шығынның жалпы сомасы 7,5 млрд доллардан асады.
2018 жылдың наурыз айында Астана қаласының Есіл аудандық соты (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) Әбіләзов басқаратын «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) тіркелмеген қозғалысын экстремистік ұйым деп танып, оның елдегі қызметіне тыйым салған. Бас прокуратураның мәліметінше, Әбіләзовтың мақсаты – билікті құлатып, басып алу. Ол сондай-ақ 2019 жылғы 9 маусымда президент сайлауы күні республикада болған наразылық акцияларының бастамашысы болды. Еліміздің ірі қалалары Нұр-Сұлтан мен Алматыда жүздеген адам ұсталды.
2018 жылы Қазақстанда сот 2004 жылы бизнес серіктесі Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін БТА банктің бұрынғы басшысын сырттай өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық