Бидай тиеген 17 қазақстандық жүк көлігі Ресей шекарасында тұрып қалды
Қазақстандық жүк тасымалдаушылары да ресейлік шекарашылардың үстінен шағым түсіріп, бір аптадан бері бидай тиеген (басқа да) жүк көліктері тұрған тұрақтан видео жіберді.
Қазақстандық кәсіпкер Марат Қонақбаев оның Ресей бидайы тиелген 17 «КамАЗ» көлігі Құлынды кеден бекетіне наурыздың 13-і күні келгенін, бірақ оларды шекарадан өткізуге тыйым салынғанын айтты.
— Қазақстандық импорттаушылар мен тасымалдаушыларға Ресей Федерациясы тарапынан озбырлық көрсетілуде. Біз 8-9-10 наурыз күндері Ресей Федерациясы бағытында бидайды автокөлікпен жеткізу үшін шекарадан өттік. Келгелі, яғни 13-14 наурыздан фитосанитарлық бақылауға келгеннен бері бізге тіркеу мен жол жүруге рұқсат берілмеді. Олардың айтуынша, бұл күндері жүктерді тіркеуге және алып өтуге рұқсат берілмейді. Осының салдарынан бидай тиелген 17 жүргізуші шекарада тұр, – дейді ол.
Ресейден астық экспорттауға уақытша тыйым 15 наурызда енгізілген және ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, 30 маусымға дейін күшінде болады. Бұл ретте қазақстандық кәсіпкерлердің шығыны күн сайын артып отыр.
— Біз бидайды өз қаражатымызға сатып алдық, Қазақстанға да өзіміз тасымалдаймыз, содан кейін диірмендерге немесе наубайханаларға өткіземіз, осыдан кейін ғана пайда табамыз. Бізге қазір жүктерді түсіріп, әрі қарай жүре беруді ұсынады. Бірақ егер сіз бидайды, мысалы, ресейлік диірмендерге қайтаруға тырыссаңыз бұл да үлкен шығын. Қазір әрбір жүргізушінің бос тұрған әр күні 20-25 мың теңге шамасындағы шығын, - деп нақтылады кәсіпкер.
Оның айтуынша, ресейлік бидайдың осы соңғы рейсі үшін ол 8 миллион теңгеден астам шығынға ұшырайды. Олар кәсіпкерге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде және «Атамекенде» көмектесеміз деп уәде берген. Бірақ мереке күндеріне байланысты (Қазақстанда – Наурыз мейрамы) министрліктен Orda.kz тілшісі де жауап ала алмай отыр.
Бір күн бұрын Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда астық тапшылығы туралы жалған ақпарат тарап жатқандығын хабарлады. Сонымен қатар олар ішкі нарықта импортты алмастыратын шикізаттың қажетті көлемі бар деп сендірген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық