«Безбүйрек әкелер»: Семейде 5 мыңға жуық баланың құқығын қорғауға тура келді
Фото: Ostrovrusa.ru
Абай облысында прокуратура алимент бойынша борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тартты. Прокуратураның мәліметіне қарасақ, 2024 жылы бір Семейдің өзінде 5 мыңға жуық кәмелетке толмаған баланың құқығын қорғауға тура келіпті, деп хабарлайды Orda.kz.
Семей қаласының прокуратурасы 7 млн теңгеден астам қарызы бар қала тұрғынының Қылмыстық кодексінің 139-бабына (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартты. Сот үкімімен ол бір жылға бас бостандығынан шектелді. Тағы 3 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
«Айта кетерлігі, тек Семей қаласында 2024 жылы алимент төлемегені үшін 7 адам қылмыстық, 61 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 5 мыңнан астам кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалған», деп мәлімдеді прокуратура.
Абай облысының прокуратурасы алиментті уақтылы төлеу қажеттігін, әйтпесе мұндай ата-аналарға қатысты заңда көзделген барлық шаралар қолданылатынын, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық