«Бетім, қол-аяғым күйді»:
Сарыағашта газ жарылысынан күйік шалған адам тергеуге наразы
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Құркелес ауылының тұрғыны 29 жастағы Наурызбай Қоңыраубайдың денесін күйік шалғанына бір ай болды. Ол газдың жиналып, жарылуына жол берген жауапты адамдар жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды.
«Жұмысқа жарамай отырмын»
Наурызбай - үш баланың әкесі. Ауылда ата-анасы, бала-шағасымен бірге өмір сүреді. 5 желтоқсан күні ол інісімен үйіне азық-түлік әкелген. Көлігін гаражына қойып, жанында орналасқан қоймадан зат алу үшін кірмек болған. Жарықты жаққаны сол от лап ете қалған.
– Алғашында не болғанын түсінбей қалдым. Жарылыстан шамамен 20-30 метр жерге ұшып барып құладым. Бетім, қол-аяғымның қатты күйгені есімде. Көрші-қолаң мен туғандарым жарылыс дауысына жүгіріп келіп, көмектесті, – дейді ол.
Наурызбай жедел жәрдеммен Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Жан сақтау бөліміне орташа ауыр жағдайда жатқызылған. Беті, қол-аяғымен бірге кеудесі мен желкесін күйік шалғаны анықталған. Медициналық анықтамада денесінің 10 пайызы күйген деп көрсетілген.
Жарылыстың қатты болғанынан қойманың шатыры сынып, қабырғасы сөгілген. Наурызбайды ауруханаға әкеткенде оқиға орнына полиция, өрт сөндірушілер мен «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының өкілдері келген.
– Газ құбырын тамыз айында қосты. Құбырдан шыққан газды тоқтату үшін Алматыдан маман шақырғанын, үш күн жүріп бітегенін естідім. Тесік қайдан пайда болғанын білмедім. Бірақ газдың шығуына жол берген мамандар болуы керек, – дейді ол.
Наурызбай тоғыз күн ауруханада емделіп үйіне келген соң құбырды жүргізгендер келісімге шақырған. Туған-туыстарын араға салып, полицияға арызданбауды өтінген. Бірақ ол жауаптыларды жазасыз қалдырмауды сұрап полицияға арыз түсірген.
– Бір ай болды. Ауырып, үйде қамалып жатырмын. Темір жолда жұмыс істейтін едім. Денсаулығыма байланысты демалыстамын. Аурудың беті бері қайтқанымен, қазірге жұмысқа жарамай отырмын. Суыққа шықсам да, ыстыққа кірсем де күйген жерімнің бәрі ауырады. Әсіресе, қолым тереңірек күйген екен. Ауырып тұрсам да жақында полиция бардым. Оқиғаның қалай болғанын сұрады да, шығарып салды. Іс қозғалды ма, күдіктілер ұсталды ма, айтпады. Тергеуге көңілім толмай қайтып келдім, – дейді ол.
«Ақауы бар газ құбырына облыс әкімінің орынбасары кепіл болды»
«ҚазТрансГаз» акционердік қоғамының өкілі Еркебұлан (тегін айтудан бас тартты – ред.) бұл оқыс оқиғаны Наурызбай мен оның әкесінің салғырттығынан көреді. Оның Orda.kz тілшісіне айтуынша, олар ешкімге ескертпей, газ құбыры тартылған қызыл сызыққа қарамай оның үстінен ауыр техниканы жүргізіп, құрылыс жұмыстарын бастаған.
– Бұл газ құбыры 2018 жылы тартылған. 4 жыл айқай-шудан кейін 2022 жылы пайдалануға берілген. Газды қосқан кезде де тартылған газ құбырындағы көп ақауды айттық. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың «кемшілікті түзетеміз, өзгертеміз» деген кепіл хатымен газ қосылды. Кепіл хатта апаттық жағдай туындаса, «ҚазТрансГаз» жауап бермейтіні жазылған. Оқыс оқиғаға тұрғынның ешкімге ескертпей, газ құбыры жүргізілген жерден ауыр техниканы өткізгені себеп болуы мүмкін. Енді кімнен қандай қателік кеткенін анықтау үшін өздері тәуелсіз сараптама жүргізуі керек. Біз өзіміз жинаған құжаттардың бәрін өткіздік, – дейді акционерлік қоғам өкілі.
Еркебұланның сөзінше, газ құбыры әкімшіліктің есебінен «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының есебіне өтпеген. Тартылған газ құбырындағы ақау рет-ретімен жөнделіп жатыр.
Полицияның бұл оқиғаға байланысты тергеу бастағанын Еркебұлан да растады. Ал облыстық полиция департаменті әзірге бұл оқиғаға байланысты қандай баппен іс қозғалғаны туралы ақпарат бермеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық