Бет-жүзді жасыратын қара киім кигенше, ұлттық киім киген дұрыс — Тоқаев
Фото: Ақорда
Бурабай баурайында өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дінге қатысты жүгенсіздік пен тәртіпсіздікке жол бермеу керектігін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Тоқаевтың айтуынша, еліміздегі діни ахуал мәз емес. Олар теріс ағымдар мен жат идеологияларға тосқауыл қою қажет екенін жеткізді.
«Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи еліміздегі діни ахуалға алаңдаушылық білдіріп жүр. Құрылтай мүшелері Дания Қыдырбаева және Олжас Сүлеймен жат діни ағымдардың жастар арасында, әсіресе спорт саласында ықпалы күшейіп бара жатқанын айтты. Елімізде дін бостандығына кепілдік берілген. Бірақ жүгенсіздік пен тәртіпсіздікке жол беруге болмайды. Діннің басты міндеті – ұлтты ұйыстыру. Діни ұйымдардың қызметін реттейтін құжаттар осы талаптарға сай болуы керек. Бұл мәселені жан-жақты қарастыру қажет. Соның ішінде заңнаманы жаңа жағдайға бейімдеу маңызды», – деді Тоқаев.
Сонымен қатар, Тоқаев ұлттық киім киюге қатысты да пікірін білдірді.
«Қоғамда ұлттық киімге деген қызығушылық артып келеді. Оны мектептерде, түрлі мекемелерде, соның ішінде ірі компанияларда да кие бастады. Сұраныстың артуы тігін цехтарының ашылуына, жаңа брендтер мен дүкендердің пайда болуына ықпал етті. Осылайша, ұлттық киім кию біртіндеп күнделікті қалыпты жағдайға айналуда. Бұл – өте жақсы үрдіс. Бет-жүзді жасыратын қара киім кигеннен гөрі, ұлттық стильдегі киім киген әлдеқайда дұрыс. Біздің ұлттық киіміміз этникалық ерекшелігімізді айқын көрсетеді, сондықтан оны жан-жақты насихаттау қажет», – президент.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық