Бестөбе тұрғындары Тоқаевтан шахталарға назар аударуды сұрайды
Ақмола облысы Бестөбе ауылының тұрғындары мыңдаған тұрғынның жұмыссыз қалуына әкеп соқтыратын алтын кеніштерінің жабылуына президенттің, Премьер-министрдің, Бас прокурордың және Ақмола облысы әкімінің назар аударуын сұрайды.
Ақмола облысы, Степногорск қаласының іргесіндегі Бестөбе ауылының тұрғындарының бірі: «Олардың жұмыс істеп тұрған шахталарды қалай қиратқысы келетінін бақылап қана отыра алмаймыз» деген үндеу жасады.
Тұрғындардың айтуынша, «Қазақ алтыны» кәсіпорны, қазіргі «Алтын алмас» жеке қолға өткеннен кейін барлық жұмысшылар әкімшілік демалысқа жіберілген. Оларға фабрика іске қосылғаннан бір айдан кейін шахталар да іске қосылады деп уәде берген. Бірақ белгілі болғандай, енді алтын кені жерасты емес, карьерлік жолмен өндірілетін болады.
— 2021 жылдың шілдесінен бастап шахталар тоқтатылды, 9 ай өтті, ештеңе өзгерген жоқ. Жиында олар кенді карьерлік жолмен өндіруді жоспарлап отырғандарын мәлімдеді. Кеніштің тарихы терең, құрылғанына 90 жылдан асты, ауылда 6500-ге жуық адам тұрады. Шахталар жабылса, 1000 адам жұмыссыз қалады, олар қайда барады?, - деп сұрады сөз сөйлеген адам.
Кеніште немесе зауытта жұмыс істеу ауылдың жалғыз табыс көзі болғандықтан, ауыл тұрғындары нәпақасыз қалудан қорқады.
— Біздің ешқайда кеткіміз келмейді. Бұл ауылдың тұтастығына нұқсан келтіреді, – дейді халық.
Олар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа, Бас прокурор Берік Асыловқа және Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевқа үндеу жолдады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық