Бес күннен кейін 100 жылдығы тойланатын Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіші қандай күйде?
Фото: Orda.kz
Ұлы композитор Нұрғиса Тілендиев 1 сәуірде 100 жасқа толады. Orda.kz талдықорғандық шенеуніктердің оның ескерткішінің айналасын реттеу, дайындау, бес күн ішінде қалпына келтіре алатын-алмайтынын зерделеуге тырысты.
Тілендиев – қазақ музыкасында өлшеусіз із қалдырған дара тұлға, 500-ден астам шығарманың авторы, дирижер, композитор, күйші. Оның есімі қазақтың алтын мұралары тарихынан ойып орын алып, еңбектері халық жүрегінде сақталатыны сөзсіз.

Бірақ оның ескерткішіне барған аймақтық тілшіміз еш дайындық байқамады. Ескерткіш орнында тұр, бірақ оның айналасындағы көрініс көңіл құлазытады. Гранит тақтайшалары құлап, кейбір жерлері үңірейіп ашылып қалған. Шамдары сынған, орындықтар қираған, қоқыс жәшіктері аузы-мұрнынан шығып, қоқысқа толып жатыр. Жақсы сақталған мемориалды көрудің орнына көптен бері ешкім ретке келтірмеген қараусыз қалған жерді көрдік.
Бүгін наурыздың 25-і. Дәл бес күннен кейін Тілендиевтің туған күні аталып өтуі тиіс. Қалай ойлайсыз, шенеуніктер бұл жерді ретке келтіріп үлгере ме, әлде көзбояушылықпен бейнежазба түсіру үшін ескерткіш алдында гүл шоқтарын қойып, әдеттегі мақтау сөздерін арнаумен шектеле ме?
2023 жылы Әзірбайжанда өткен ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері Тұрақты кеңесінің 40-шы отырысының қорытындысы бойынша, 2025 жыл ұлы композитордың 100 жылдық мерейтойына орай ТҮРКСОЙ ұйымы аясында Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы болып жарияланды.

2025 жылғы 3 наурызда Анкарада Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай ТҮРКСОЙ ұйымы аясындағы еске алу жылының ашылу рәсімі өтті.
Жақында Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Қонаев қалалық мәдениет үйінде өнер тарланының ғасыртойына арналған салтанатты шара өтті.
Сол кезде облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ЮНЕСКО көлемінде аталатын өнер қайраткерінің жүз жылдығы аясында іргесі жаңадан қаланған руханият ошақтарына Нұрғиса Тілендиев есімі берілетінін айтқан болатын.

Сол себепті де қазақ халқының жүрегін әсем әуенмен тербеген, музыка тарихында ғасырдан ғасырға жетер күй қалдырған қазақ халқының біртуар ұлы – Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығын өз елі шетелдіктерден асырып атап өтеді деген үміттеміз.
Жаңалықтар
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді
- Үкіметте тротуармен жүретін самокатшылардың мәселесін шешу тапсырылды
- Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?
- Жапонияда жойқын жер сілкінісі: Цунами қаупі жарияланды
- Қырғызстан президенті Шахановтың қазасына көңіл айтты
- Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
- Алматыда көкке шығып, серуендеуге лайық әрі таптырмас 5 орын
- Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
- Үй, көлік, қомақты ақша ұсынды: Қонаевта бойжеткен зорлық көргенін айтты
- «Мектепке шабуыл жасалады»: Түркияда күдікті хабарлама жазғандардың бәрі ұсталып жатыр
- Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды
- Қазақстанда жаңа мереке – Қазақтың тазысы мен төбеті күні пайда болды
- Space X бәсекелесі ұшырған зымыранының бірінші сатысын жерге қондырды
- Павлодарда қайтыс болған адамдарға «медициналық қызмет көрсетілген»
- ҚР ІІМ: Терроризм туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік қатаң
- Яна Легкодимованы өлтіргендер тергеу изоляторынан түрмеге жөнелді
- Пайызы 12 есе жоғары: Ақтөбеде күдікті заңсыз ломбард қызметін ұйымдастырған
- Мысығын бір сағат бойы кір машинасында «жуған» әйел жазаланды
- Болгариядағы парламенттік сайлауда экс-президенттің партиясы жеңіске жетті
- Сегіз бала көз жұмды: АҚШ-та ер адам туыстарының балаларын қырып салды