Берік Уәли Тоқаевтың Ресейге не үшін барғанын айтты
Фото: info-tses
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына сапары туралы, келіссөздер туралы айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев 10-11 ақпанда Мәскеуге, Татарстан Республикасына барған еді. Берік Уәли ковид жағдайында жоғары деңгейде қабылдау сирек кездесетін жағдай екенін айтты.
– Қазіргідей «ковид» кезінде бұлай жоғары деңгейде қабылдау - сирек кездесетін жағдай. Иран, Франция сияқты елдердің президенттерін салқын қабылдап, олармен үлкен ақ үстелдің екі басында отырып келіссөз жүргізді. Қазақстанда Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын көбейту, сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы аясында қажет мамандар даярлау жөнінде маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Бұл бағыт бойынша Алматыда МИФИ-дің, Атырауда Губкин атындағы университеттің филиалдарын ашу жұмыстары басталып та кетті. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетімен және басқа да бірқатар оқу орнымен олардың өкілдіктерін ашу жайында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қазақстанның «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы Ресей Федерациясының МИФИ, МФТИ, Губкин атындағы РМУ, Бауман атындағы ММТУ, ИТМО, МИСиС сияқты жетекші алты техникалық университеті мен «Болашақ» бағдарламасы аясында ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойды, - деді Берік Уәли.
Сапар барысында Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Трансмашхолдинг» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы маңызды келісімге қол қойылған.
– Келіссөз қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Трансмашхолдинг» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы маңызды келісімге қол қойылды. Бұл құжат маневрлі және магистральды локомотивтерді, жүк вагондарын және Ресей теміржол машина жасау саласының басқа да өнімдерін жеткізуді көздейді. «Трансмашхолдинг» - темір жол машинасын жасау саласының ірі өндірушісі және ұзақ жылдан бері Қазақстан темір жолының негізгі серіктестерінің бірі, - деді Берік Уәли.
Президенттің баспасөз хатшысының айтуынша, Тоқаев әрбір іссапарынан оралған соң нәтижесімен бөліседі. Тоқаев бұл сапарларының нәтижесіне көңілі толған.
– Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір іссапардан елге оралған сайын дәстүрлі түрде ел ішіндегі және шетелдік сапарлардың нәтижесі туралы әсерін бөліседі. Осы сапарға қатысты Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына қысқа мерзімді, бірақ өте мазмұнды сапарының нәтижесіне көңілі толатынын, оның Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты одан әрі нығайту тұрғысынан табысты болғанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жасаған осы жолғы сапары мен жоғары деңгейде өткен келіссөздерін Қазақстан мен Ресей арасында кейінгі жылдардағы кездесулердің ішіндегі ең маңыздысы деп есептейді. Ресей Президенті де осындай көзқараста деп ойлаймын, - деді Берік Уәли.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық