Бергей Рысқалиев Қазақстанға оралуға дайын екенін айтты
Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев оған қатысты сот үкімі қайта қаралса, Қазақстанға оралу мүмкіндігін жоққа шығармады.
Бұл туралы ол Сontur.kz сайтына берген сұхбатында хабарлады.
Бұл ретте Бергей Рысқалиев «қаражаттың шығу тегін» тексеруден қорықпайтынын айтты.
– Біз барлық сот істерін жеңіп, қорларымыздың жемқорлық емес екенін және біздің бизнесіміз қаражат көзі екенін дәлелдедік, – деді ол.
Атырау облысының бұрынғы әкімінің айтуынша, Жоғарғы соттың шешіміне қарамастан, оның мүлкі оған ешқашан қайтарылмаған.
– Негізі бүгінде барлық мүлік тәркіленді және бізге ештеңе қайтарылған жоқ. Жоғарғы сот пен Бас прокуратураның мүлікті босатып алуының себебі – Қазақстандағы заңгерлеріміз үшінші тұлғалардың мүлкін заңсыз басып алу туралы көп жазған соң, Қазақстанда әділ сот бар екенін бүкіл әлемге көрсеткісі келді.
Ұйымдасқан қылмыстық топ болған жоқ. Менің ісімнің саяси астары бар. Ойдан шығарылғаны туралы менің қолымда дәлелдер мен құжаттар жеткілікті. Жаңа үкімет не айтар екен, көрейік. Мен БҰҰ АҚК-не Қазақстанға қарсы шағым түсірдім. Барлық мерзімдер өтіп кетті. Олар әлі күнге дейін, шамамен 1,5 жыл бойы менің ісіме қатысты БҰҰ АҚК-ның хатына да жауап бере алмайды, – деді Рысқалиев.
Еске салсақ, Бергей Рысқалиев 2006-2012 жылдар аралығында Атырау қаласы мен Атырау облысының әкімі қызметін атқарған. 2013 жылы экс-әкімге аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды және қылмыстық топ құрды деген айып тағылған болатын.
Тергеу бес жылға созылып, 2019 жылы қазақстандық сот Бергей Рысқалиевті 17 жылға, оның ағасы, мәжілістің экс-депутаты Арманжан Рысқалиевті 16 жылға бас бостандығынан айырды. Екі үкім де сырттай шығарылды.
2020 жылдың жазында қазақстандық сот Бергей Рысқалиевтың отбасы мен жақындарынан тәркіленген мүліктің «бір бөлігін» қайтаруды бұйырды. Рысқалиевтың мүлкін қайтаруға қатысты кассациялық шағымды Қазақстанның Бас прокуратурасы беріп, оны Жоғарғы сот тез арада мақұлдады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық