Бердібек Сапарбаев Назарбаевқа қойылған ескерткіштер туралы айтты
Сурет: sputnik.kz
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың Nartay Aralbayuli ютуб арнасында сұхбаты жарияланды. Сұхбат барысында қуаңшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық, вакцина, Елбасыға қойылған ескерткіштер туралы айтылды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Бердібек Сапарбаев сұхбат басында саяси қызметіндегі қолдаушысы туралы айтты.
– Біріншіден, менің мансабым бірден өрге қарай кетті деп айта алмаймын. Мен қаржы министрлігінде 11 жыл жұмыс істедім. Қатардағы экономистен бастап, қаржы бөлімінің орынбасары болдым. Барлық баспалдақтардан өттім.
Екіншіден, маған ешкімнің көмегі болған жоқ. Әкем мен шешем қарапайым жұмысшылар. Мен өзімнің тағдырыма ризамын. Қаржы министрлігінде жұмыс істеген кезімде өте жақсы ұстаздар кездесті, - деді Жамбыл облысының әкімі.
Елбасына арнап Астанада және Түркістанда орнатылған ескерткіштер туралы сөз болғанда облыс әкімі мұны қолдайтынын жеткізді. Айтуынша, өсіп келе жатқан ұрпақ Елбасын білуі керек.
– Әркім әртүрлі айта береді. Менің ойымша, бұл дұрыс. Өйткені, біз болашақты ойлауымыз керек. Өсіп келе жатқан ұрпақ білуі керек. Басқа мемлекеттерде де қойылып жатыр. Бізде неге болмасқа? – деді Сапарбаев.
Әкеңіздің құрметіне ауылдың аты беріліпті. Оған сіздің қандай қатысыңыз бар?
– Менің әкем сол ауылдың қарапайым адамы. Ол жердегі халық Өзбекстаннан көшіп келгендер. Ол ауылдың бұрынғы аты «Политотдел» болатын. Сол ауылды әкем көтерген еді. Мен «қойыңдар, ауылға атын беруге болмайды. Бәлесіне мен қалам» деп айттым. Халық екі-үш рет осы мәселені көтеріп, кейін ауданның, облыстың басшылары қолдап осылай қойды. Менің қатысым жоқ, ол уақытта басқа жерде жұмыс істейтінмін, - деді Сапарбаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық