Берденов әйелімді жөзекше деді — Ернар Жиенбай
Фото: Orda.kz
Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты іс бойынша сот өтіп жатыр. Бүгін айыпталушы Ерлан Жиенбай сөз сөйлеп, болған оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Жиенбайдың айтуынша, барлығы әдеттегі нәрседен басталған екен. «Берденов әйелімнің суретіне лайк басып, әдемі екенсің деп жазды» дейді Жиенбай.
Оның сөзінше, бұл наурыз айында, Берденов тағайындалғаннан көп ұзамай болған оқиға. Әйелінің телефонына лайк туралы хабарлама келгенін көріп жанжалға себеп болыпты.
«Бастапқыда мен бұған мән бермедім. Бірақ кейін жұбайыммен арамызда жанжал туындады. Ол оны танымайтынын айтты», – деді айыпталушы.
Ол жұбайы Луиза Алдановамен мектеп кезінен таныс екенін, олардың ортақ балалары барын, үлкен баласының аутизмге шалдыққанын да атап өтті.
Сонымен қатар, сотта Жиенбай басшысымен арадағы шиеленіскен қарым-қатынас туралы айтты. Оның нұсқасы бойынша, бір күні оны Берденовтің кабинетіне шақырған. Жанжал сондан басталыпты.
«Ол менен: «сен өзі қайдан пайда болдың?» деп сұрады. Мен оның мұны неге сұрағанын түсінбедім. Ол маған өтініш жазуды сұрады. Ал мен дәл сол кезде жұмыстан кетуді ойлап жүрген едім. Кейін ол мені сотқа бергісі келетінін естідім. Бұл менің жүйкеме салмақ болып, күйзеліске түсірді», – деді сотталушы.
Сондай-ақ, Ернар Жиенбай оған түрмеге отырғызатынын айтып, әйелін балағаттапты.
«Ол маған сол кезде: «сен ертең түрмеге отырасың, әйелің жезөкше болады. Ал балаларың жетім қалады саған мұның қажеті бар ма?» деді. Мен ашуланып кеттім, оны сол сәтте ұрып тастағым келді. Бірақ өзімді әрең ұстадым», – деді Жиенбай.
Шымкент қаласының әкімін қаралауға мәжбүрлемекші болды
Айыпталушының айтуынша, 20 сәуірде ол тағы да әйелімен жанжалдасқан екен. Әйелі заттарын жинап, Астанаға кететінін айтып, ажырасуға өтініш беруге ниет білдірген. Келесі күні Жиенбай досымен күйзелістен арылу үшін аңшылыққа шығуды жоспарлапты. Өзінің қолында аңшылық мылтығы және бес патрон шамасында оқ болған.
Кейін, кешке таман ол «Руслан Арысбекұлымен кездесу үшін әкімдікке келуі керек» деген хабарлама келіпті. Сол жерде ол орынбасар әкімнің ғимараттан шыққанын көріп, оны қорқытқысы келген ой пайда болған екен.
«Мен ол жаққа қарай оқ аттым, ол құлады. Мен жүгіріп барып: «басқаның тағдырын неге бұзасың?» дедім. Мен жанына барғанда қан көрмедім және өлтіруге деген ниетім болмады. Өзімнің түрмеге отыратынымды түсіндім. Бірақ бірнеше жылға ғана деп ойладым. Жасағаныма өкінемін», — деді айыпталушы сотта.
Ол «тапсырыспен атқызды» деген нұсқаны жоққа шығарады. Дегенмен, Берденов өзінен әкім Ғабит Сыздықбаевқа қарсы айғақ беруді сұрағанын әрі өзін «киллер ретінде жалдағанын айт» дегенін сотта айтты. Сондай-ақ, Жиенбайдың айтуынша, егер солай айтса, ол оған кешірім беретінін айтыпты.
Сотта Жиенбай шабуыл жасаған күні мас болмағанын мәлімдеді. «Тек қымыз іштім» деді сотталушы.
Айта кетейік, биыл көктемде Руслан Берденов қарулы шабуылға ұшырады. Бұл оқиға бойынша айыпталушы Берденовтің бұрынғы қызметкері Ерлан Жиембай болып отыр. Зардап шеккен адам бүгін сотқа келмеді, адвокаттары оның денсаулығы туралы анықтама ұсынды. Берденовтің адвокаттары істі қосымша тергеуге қайтаруды талап етіп жатыр.
Жаңалықтар
- Трамп хуситтердің Сауд Арабиясында теңіз блокадасын бастау туралы мәлімдемесіне жауап берді
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды