Бензин қымбаттағанымен такси бағасы төмендейді - көлік министрі
Фото: Envato
Үкімет брифингінде көлік министрлігінің басшысы жанармай бағасының өсуі такси қызметтеріне қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Министрдің айтуынша, такси қызметтерінің бағасын мемлекет реттемейді. Егер такси жүргізушілері үшін өз-өзін реттейтін ұйымдар құрылса, бензиннің қымбаттауына қарамастан, такси бағасы төмендеуі мүмкін екен.
«Біз кеше өз-өзін реттейтін ұйымдар туралы заң жобасын талқыладық. Соның аясында интернет-агрегаторлар мен такси жүргізушілері өзара келісімге келіп, 1 шақырым жол жүру құнын және агрегаторлардың пайыздық мөлшерлемесін анықтай алады. Бұл – такси жүргізушілері мен агрегаторлар арасындағы нарықтық қатынас», - деп түсіндірді ол.
Кейін Марат Қарабаев өз-өзін реттейтін ұйымдар құрылуына байланысты такси қызметтерінің бағасы қымбаттауы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.
«Заң жобасында барлық такси жүргізушілерінің оған кіруі міндеттелмейді. Тек заңды тұлғалар ғана қосылады. Қазақстанда қазір 2 мың такси компаниясы және 200 мың көлік бар. Біз бұл жобаны мәжіліспен бірге пысықтап жатырмыз. Алдымен пилоттық режимде белгілі бір өңірде сынап көреміз. Осылайша қауымдастықты бүкіл жерге енгізу жоспарланып отырған жоқ», – деді министр.
Жаңалықтар
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
- Алматыда қар көшкіні мен тас құлау қаупі: ТЖД ескерту жасады
- Шымкентте 1,7 млрд теңгенің негізсіз бюджет шығындары анықталды
- Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан Иранмен бірлескен жобаларын уақытша тоқтатты
- Ерлан Қошанов Парламентаралық Одақтың 152-ші Ассамблеясында сөз сөйледі
- Израиль мен Ливан арасында 10 күндік бітім жарияланды — Трамп
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумға қатысады
- Түркияда мектептерге жасалған шабуылдардан кейін мұғалімдер наразылыққа шықты