Бентли мен Лада Алматы зообағына орналастырылды
Нұр-Сұлтанда цирк қызметкері айып тұрағында заңсыз ұстаған екі жолбарыс Алматы зообағына әкелінді. Қазір жануарлар хайуанаттар бағының карантиндік аймағында.
Нұр-Сұлтандағы айып тұрағында цирк қызметкері ұстаған екі жолбарыс Алматы зообағына орналастырылды.
Жануарларға Бентли және Лада деген ат берілген. Алматы тұрғындары мен қонақтары оларды 2022 жылы тамашалай алады.
— Жануарларға жағдай жасау үшін олар туралы сот шешімі шықты. Оларды өзіне алып кеткісі келетіндер көп болды: Қарағанды хайуанаттар бағы, Шымкент зообағы. Бірақ соған қарамастан, оларды бізге беруді ұйғарды. Жануарларға карантин жалғасып жатыр. Олар осында. Жалпы келушілеріміз тамашалау үшін көктемде оларды шығаруды көздеп отырмыз, - дейді хайуанаттар бағының директоры Сейілхан Әкілбеков.
Жолбарыстар үшін арнайы қоршау дайындалған.
Бентли мен Лада 2020 жылдың жазында Нұр-Сұлтандағы айып тұрағынан табылған болатын.
Жануарлар цирк қызметкеріне тиесілі болып шықты. Олар Ресейден Қазақстанға заңсыз, құжатсыз әкелінген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық