Белсенділерді күштеп шығарды: Темірлан Еңсебектің жақтастарын сот ғимаратынан алып кетті
Фото: Бейнеден кадр
10 сәуір күні Темірлан Еңсебектің сот процесін бақылауға келген бірқатар белсенділерді полиция қызметкерлері Наурызбай аудандық сот ғимаратынан күштеп шығарып, кейін Ішкі істер басқармасына алып кетті.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Сот отырысы басталған сәтте белсенділер ғимарат ішіне кіре алмады. Сот өкілдері залда бос орын жоқ екенін айтып, олардың кіруіне рұқсат бермеді. Белсенділер бейнетрансляция қосуды талап еткенде, полиция олардың талабына жауап бермей, күш қолданып шығарып жіберді.
Полиция Айгүл Нұрболатова, Дархан Шәріпов, Ақторғын Ақкенжебаласы және Қонысбай Ырыскелдіні ұстап, бөлімшеге жеткізді.
Сотқа куәгер ретінде келген Темірланның сүйіктісі Мария Кочнева залға кіре алмады — белсенділермен қосып, оны да полиция алып кетті.
Еске салсақ, 9 сәуірде өткен сот отырысында Темірланның әкесіне өз ана тілінде сөйлеуге рұқсат берілмей, Қазақстан Республикасының ”Тіл туралы” заңы өрескел бұзылып, орысша жауап беру талап етілген болатын.
Жаңалықтар
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды