Белсенді Ғалы Бақтыбаев өлімі: айыпталушылар жауап берді
Қарағандыда 20 мамырда қоғам белсендісі Ғалы Бақтыбаевтың өліміне қатысты сот отырысы өтті. Белсендіні өлтіруге тапсырыс берген экс-полицей өз кінәсін мойындамады.
Бұл туралы Orda.kz Азатыққа сілтеме жасап хабарлады.
Айыпталушылар тергеу кезінде қысым көргендерін айтты.
Еске салсақ, 2019 жылы мамырда белсенді Ғалы Бақтыбаевты өз үйінің алдында атып кеткен.
Анықталғандай, белсенді полицияның жеке қауіпсіздік басқармасына шағым жазған. Артынан полиция қызметкері А.Ғалым таныстары арқылы шағымды қайталамауды сұратқан. Бірақ айыпталушы оны өлтіру ойында болмағанын айтты.
Бақтыбаевтың өлімі белгілі болғанда айыпталушы полицияда жұмыс істеген. Осылайша, ол оқиға орнына келген.
Бұл іс бойынша сот 2020 жылы мамырда басталған. Күдікке төрт адам ілінген. Оқ атқан адам оқиға орнынан қашып кеткен.
Кейін белгілі болғандай М.Иман 1 млн теңгеге бола, осы іске кіріскен.
Қазір сот алдында 4 адам отыр:
- Жаңаарқа ауданы полиция бөлімінің экс-қызметкері А.Ғалым – тапсырыс берді;
- Кәсіпкер Б.Азамат – тапсырыс берді;
- Бұрын сотталған Ж.Елдар – 2019 жылы ақпанда белсендіні ұрған.
59 жастағы Ғалы Бақтыбаев жиі әлеуметтік мәселелерді көтеріп, жергілікті жемқорлық мәселесімен күресетін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық