Белгілі заңгер полицейлердің азаптауы туралы айтты
Белгілі заңгер Абзал Құспан Талдықорған қаласында қамауда отырған Батырбаев туралы айтып, оны қинап, үтік басқан факт рас екенін айтты.
– Азамат Батырбаевқа қатысты айтсам. Қазір қалың ел Талдықорған қаласында қамауда отырған Азамат Батырбаевтың тағдырына алаңдаулы екені белгілі. Күні кеше, 02 ақпан күні, біздер, Аманат комиссиясының мүшелері Талдықорған қаласының тергеу изоляторында болып, Азаматпен жүздесіп, тілдесіп, оған қатысты іс құжаттарымен танысып шықтық. Азаматқа елдің алаңдап, тілегін тілеп отырғанын жеткіздік. Бірден басын ашып айтарымыз, Азаматты сабағандары да, қорлағандары да, азаптағандары да, үтік басып қинағандары да рас! Өз көзімізбен көрдік, өз аузынан естідік, - деп жазды заңгер.
Сондай-ақ заңгер полицейлердің мұндай әрекеті елді ашындырып, көтеріліске бастайтынын, бұл халыққа жасалған қастандық екенін жеткізді.
– Енді бұл не өзі? Бұл өкінішке орай, құқыққорғау қызметкерлерінің әдетіне айналған, ғайыптан тайып қолдарына түскен, тырнақтарына іліккен адамдарды ұрып-соғу ма? Азаматтан қандай да бір өш немесе кек алу ма? Жоқ, біздің ойымызша, бұл нағыз халыққа жасалған қастандық. Бұл әрекеттерді ол адам бейнесіндегі айуандар, Азаматқа тән жарасын жасау үшін жасаған жоқ, бұны олар Халыққа жан жарасын салу үшін жасаған! Бұл Азаматты сабау емес, бұл бүкіл калың елді сабау! Бұны жасағандар кімдер, қандай пиғылмен жасады, кімнің бұйрығымен жасалды? Оны тергеушілер анықтай жатар. Бірақ, біздің пайымдауымызша, бұл осынау еліміздегі орын алған сын сағатты пайдаланып жасалып отырған нағыз диверсия, нағыз арандатушылық. Мақсат не? Біздіңше, мақсат елді ашындыру, халықтың наразылық температурасын көтеру. Әрине, бұл жазып отырғанымыз болжам ғана. Бірақ, біздің осы болжамымыздың шындыққа жанасатынын дәлелдейтін бірнеше көзге ұрып тұрған мәселе бар. Неге Азамат, неге басқа ұсталғандар емес деген сұрақ туады. Оның жауабы ел арасында да, әлеуметтік желіде де тап осы Азаматты Назарбаевтың ескерткішін құлатқан деген әңгіме көп тарап жатыр, яғни Азамат ескерткішті ғана емес, режимді құлатқан символ іспеттес боп тұр. Басқа адам азапталса көп оқиға арасында көзге түспей қалуы мүмкін, ал мына ән, басқа әннен өзгерек, - деп жазды Абзал Құспан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық