Белгілі композитор Арман Дүйсеновтің ұлы қайтыс болды
Фото: ашық дерек көздерден
Белгілі композитор Арман Дүйсеновтің ұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Композитордың ұлы бақилық болғаны жайлы әлеуметік желіде Баян Алагөзова мен Ләйлә Сұлтанқызы айтқан болатын.
Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.
«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, өзінің әлеуметтік желісінде Баян Мақсатқызы композитордың ұлы Абылайдың өзіне 10-12 күн бұрын хабарласқанын айтты.
«Бірнеше сағат бұрын мен суық хабар алдым. Менің жақын досым, атақты композитордың ұлы Абылайдың қайтыс болғанын естідім. Ол маған осыдан 10-12 күн бұрын хабарласып, 2 сағаттан соң бір телеарнада кейбір шоу-бизнес өкілдерінің қатысуымен әкемнің атына тіл тигізетін бағдарлама шығады деп айтты. Мен Абылайға сен кеше маған хабарласқанда бағдарламаның шығуына жол бермес едім. Қазір бағдарламаның шығуына 2 сағат қалғанда бір нәрсе істеу қиын, деп айттым», — дейді Алагөзова.
Сондай-ақ, Баян Мақсатқызы Абылайдың әкесі туралы айтқан әрбір сөзді жүрегіне жақын қабылдайтындығын, оны қатты жақсы көргенін айтты.
Еске сала кетейік, белгілі композитор отандық шоу-бизнестегі көптеген танымал әндердің авторы Арман Дүйсенов 2023 жылы бақилық болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық