Белгілі актер Сағат Жылгелдиев қайтыс болды
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері Сағат Жылгелдиев көз жұмды. Қаралы хабарды театрдың баспасөз қызметі хабарлады.
«Театрымыздың актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, жаны жайсаң Сағат Жылгелдиев ағамыз дүниеден өтті. Театр ұжымы, әріптестері марқұмның жұбайы Жібек Лебаева мен отбасы, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Бақұл болыңыз аға! Сіздің жарқын бейнеңізді әріптестеріңіз, ұжым, өзіңіздің сүйікті көрермендеріңіз мәңгі жадында сақтайды» делінген хабарламада.
Сағат Ермағамбетұлы Қазақ драма театры жанындағы театр студиясын (1972), Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік бөлімін (1977) бітірген.
Ақын (И.Сапарбаевтың «Ауылдан келген аруында»), Байжан (И.Ғайыптың «Алтын ажалында»), Абдолла (С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншегінде»), Қожа Ахмет Иасауи (О.Дастановтың «Әзірет Сұлтанында»), Шеге, Байдалы би, Сердәлі (Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Ұлпан», «Ақан сері – Ақтоқтысында») т.б. рөлдері мамандар тарапынан жоғары баға алған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық