Бельгиялық қазақ баласына қатысты тағы да жаңалық шықты
Фото: Ашық дереккөзден
Танымал тележүргізуші – Қымбат Досжан бельгиялық қазақ баласы – Жәнібекке қатысты тың дерек айтты, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Журналист бұл туралы өзінің инстаграм парақшасында мәлімдеді.
«Достар, Жәнібек балам жайлы соңғы ақпарат. Астана-Ыстамбұл-Барселона-Мальорка-Малага бағытына шыққан Түркіш ұшағы Астанадан кешігіп ұшып, Жәнібек қалған рейстердің бәрінен кешігіп қалған, бірақ, баламыз өзі айтқандай, жолы болғыш бала екен, түрік авиакомпаниясы - үш рет ұшақ ауыстырып жететін жеріне бір ғана ұшақпен жететіндей етіп жағдай жасап, тамағын беріп, Ыстамбұлдан Малагаға бір ақ жететін етіп билетін ауыстырып берген. Адамға адам секілді қараған түрік ағайынға мың алғыс!» деп алғысын білдірді.
Сондай-ақ Қымбат Досжан жазбада нақты шешім қабылдағанын тілге тиек етті.
«Баламыздың анасы, немесе әкесі (енді әкесін іздейміз деп нақты шешім қабылдап отырмыз) осылайша тез табылса екен деп тілеймін. Баланы әр көрген сайын, сөйлескен сайын «тегі жақсы, тіпті мықты тектен» екендігіне көз жеткіземіз Әсел екеуміз» деді ол жазбасында.
Жаңалықтар
- Жәнібек Әлімханұлы британдық боксшы Дензел Бентлидің сөзіне жауап берді
- Көпбалалы әке 11,5 млн теңгені жаңа танысының қолына ұстата салып, алданған
- Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтты
- Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл
- Филиппиннің экс-президенті 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айыпталды
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
- Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді
- Абай облысында жүргізушіге ескерту жасаған шекарашыны ұрып кетті
- Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
- Талдықорғанда асханада болған жанжал әйел өлімімен аяқталды
- Алматының арықтары нөсер жаңбырды ағыза алмайды, әкімдік не дейді?
- Түркістан облысында турнирге бара жатқан балалар жолда опат болды
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады