Беларусь президенті Назарбаевқа қатысты тың мәлімдеме жасады
Фото: РБК
Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресейдің бірінші басшысы Борис Ельцин үшеуі ішімдік ішкенін еске алды. Оның айтуынша, Ельцин мен Назарбаев оны арақ ішуге мәжбүрлеген.
РИА Новостидің хабарлауынша, Лукашенко ішімдікті құрмет үшін ішкен.
«Мен өзім ішетін адам емеспін, бірақ Ельцинмен аракідік ішіп тұруға тура келетін. Сыйлайсың ба, сыйламайсың ба, деген әңгіме. Енді сыйлайсың ғой. Мен ішімдікті мүлде жақтырмаймын» деді Лукашенко.
Сондай-ақ, Беларусь президенті ұқсас жағдай Назарбаевпен де болғанын баса айтты.
«Егер Назарбаев отыра беріп, маған: «Саша, бір бір рөмкеден» – десе, мен не айтамын? Ішпеймін деймін бе?» дейді Лукашенко.
Ол денсаулығына байланысты ішімдік ішпеуге тырысатынын айтты.
Лукашенконың араққа деген көзқарасын бірқатар шешімдерінен көруге болады.
«Адамдар екі күнде бір рет 70-100 грамм арақ ішіп тұрса, мен оған қарсы емеспін. Бірақ біз 70-100 грамм дегенді білмейміз. Егер біз үстел басына жайғасатын болсақ, бірден бір литр ащы суды тауысып тастаймыз. Ал бұдан денсаулық жақсармайды. Сондықтан шарапты тұтынудың еуропалық нұсқасын үйрену қажет» дейді саясаткер.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық