Беларусь еліндегі журналистер қауымдастығы жабылды
Беларусь билігі елдегі ең ірі тәуелсіз журналистер ұйымын жабуды бұйырды. Беларусь журналистер қауымдастығын тарату туралы жарлық 27 тамызда жаряланды. Ол елдің Жоғарғы соты әділет министрлігінің сұрауын қанағаттандырғаннан кейін мәлім болды.
Әділет министрлігі маусым айында журналистер қауымдастығына тексеру жүргізген. Сол кезде анықталған кейбір заң талаптарын бұзу жайттары түзетілмегені ұйымды таратуға сылтау болған. Нақтырақ айтсақ, қауымдастықтың алты филиалының екеуінің жалға алу келісімшарты аяқталған. Қауымдастық болса мұны жоққа шығарады. Олар шілдеде құрал-жабдығы тәркіленіп, кеңсесі тінтіліп, мөрленіп, жауып тастағандықтан сөздерін растайтын құжат ұсына алмаған.
Дегенмен Беларусь жуналистер қауымдастығының басшысы Андрей Бастунец ұйым жұмысын жалғастыра беретінін мәлімдеді. Бастунец ширек ғасырдан астам уақыт бойы журналистер ұйымының миссиясы сөз бостандығы кеңістігінің кеңейту болғанын жеткізді.
1997 жылдан бастап Беларусь журналистер қауымдастығы сөз бостандығы мен БАҚ құқықтарының бұзылуын бақылаумен айналысады. Ұйым тілшілері Беларусь елі бойынша әр аймақта БАҚ ахуалы жөнінде ақпарат жинаумен айналысады.
2021 жылғы баспасөз бостандығы индексінде бұл ел 180 мемлекеттің ішінде 158-орында тұр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық