Бектенов Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қырғызстанға қысқа мерзімді жұмыс сапарымен келді
Фото: Үкімет
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша премьер-министр Олжас Бектенов Қырғызстанға қысқа жұмыс сапарымен барды.
Үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бектеновті Бішкекте Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қабылдады.
Олжас Бектенов Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізіп, Қазақстан үкіметінің сауда-экономикалық ынтымақтастықтың үдемелі дамуын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін айтты.
Үкімет деңгейінде Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаровпен келіссөздер барысында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға алдағы ресми сапарына дайындық мәселесі қаралғаны айтылды.
Тараптар екіжақты тауар айналымын 2 миллиард долларға дейін арттыру бойынша бірлескен шараларды талқылады. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған нақты жобаларға назар аударылды.
Сондай-ақ, Қазақстан 260 миллион доллар болатын 195 тауар позициясы экспортын арттыруға дайын.
Жаңалықтар
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді