Бектенов Kazakh Tourism басшысын қызметтен босататынын айтып қорқытты
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ғазизов үкімет отырысында компанияның атқарған жұмысы туралы есеп берді. Алайда баяндама премьер-министр Олжас Бектеновті қанағаттандырмай, ол ұлттық компания басшысын қызметтен босатуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Orda.kz.
Ғазизов Қазақстанда туризмнің қалай дамып жатқанын және бұл бағытта Kazakh Tourism қандай жұмыс атқарып жатқанын баяндады. Оның айтуынша, Орталық Азия мен Ұлы Жібек жолы тұрақты туристік тренд ретінде қалыптасқан. The Telegraph басылымы өңірді биылғы жылдың ТОП-20 туристік бағытына енгізсе, Vogue журналы Қазақстанды 2025 жылдың ТОП-14 туристік бағытының қатарына қосқан.
Сондай-ақ Қазақстан Lonely Planet Best in Travel рейтингіне енген. Қытайда Tongcheng туристік платформасы елімізді перспективалы бағыттардың бірі ретінде атаған. Ал Үндістанда осы тұрғыдан Қазақстанды India Today және Economic Times басылымдары атап өткен.
«Іс-шаралардың сапасын қамтамасыз ету үшін іріктеу жүйесі енгізілді. Өңірлерден түскен 154 өтінімнің ішінен елдің барлық облыстарын қамтитын 55 негізгі іс-шара таңдалды. Іріктеу кезінде ұйымдастыру деңгейі, бірегейлігі, туристік әлеуеті, тұрақтылығы және қамту ауқымы ескерілді», — деді Ғазизов.
Күнтізбеге мәдени, этномәдени, спорттық, экологиялық және гастрономиялық іс-шаралар енгізілген. Олар туристік белсенділікті сақтау мақсатында жыл бойына біркелкі бөлінген — ай сайын 2-ден 7-ге дейін іс-шара өткізу жоспарланған.
Сонымен қатар, оның айтуынша, биыл әлемдік жұлдыздардың қатысуымен бірқатар ірі концерт өтеді. Алғашқы концерт мамыр айына жоспарланған, оған Timbaland, Николь Шерзингер, Busta Rhymes және басқа да әртістер қатысады. Жыл соңына дейін халықаралық орындаушылардың қатысуымен кемінде бес концерт өткізу көзделген.
Алайда бұл есеп премьер-министрді тәнті ете қойған жоқ. Баяндамада аталған жетістіктерге Kazakh Tourism компаниясының нақты қандай үлес қосқаны түсініксіз болғаны байқалды.
«Талғат Жанатұлы, сіз қызметке жуырда кіріскеніңізге қарамастан, бізге нақты нәтижелер қажет. Біз сізден осыны күтеміз. Нәтиже болса — бірге жұмысты жалғастырамыз, нәтиже болмаса — қоштасамыз. Келістік пе?» — деді Олжас Бектенов.
Жалпы, премьер өңірлерде туризмнің дамуы бойынша оң динамиканы атап өткенмен, мәселелердің әлі де көп екенін, әсіресе инфрақұрылымдық проблемалардың өзекті екенін айтты.
«Мысалы, Қарағанды облысында қазіргі таңда 149 жаппай демалыс орнының тек 80-іне ғана санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің қорытындысы берілген. Атап айтқанда, 28 жағажайдың тек үшеуі ғана рұқсат алған. Танымал әрі шалғай туристік бағыттарға көлікпен қолжетімділік және жол бойындағы сервисті қамтамасыз ету бойынша сұрақ көп. Сондай-ақ, кейбір локацияларда тұрақты электрмен жабдықтау жоқ. Барлық жерде тәулік бойы медициналық қызмет, құқық қорғау органдары мен құтқару қызметтерінің бекеттері ұйымдастырылмаған», — деді премьер-министр.
Сонымен қатар, туристік нысандар маңындағы қонақүйлерде, дәмханалар мен дүкендерде бағаның жоғары болып отырғаны да мәселе ретінде айтылды.
Осы проблемаларды шешу үшін Олжас Бектенов барлық өңір әкімдіктерінің, «Атамекен» палатасының, әр өңірден туризм саласындағы ірі кәсіпкерлер мен салалық сарапшылардың қатысуымен жедел үйлестіру кеңесін құруды тапсырды. Кеңесті премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева басқаратын болады.
Жаңалықтар
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Тағы да Талғар: Ер адамды тауға апарып ұрып 10 млн теңге бопсалаған
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
- Жітіқарада ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
- Перизат Қайратпен байланысы бар: Бірнеше құрылыс компаниясын басқарған Мөлдір Сүйіншәлі үйқамақта
- Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- АҚШ президент Трамптың қауіпсіздігін күшейтпек
- Астанада балалар отырған аттракцион құлады, полиция тексеріп жатыр
- Трамп Америка тарихындағы ең көп шабуылға ұшыраған саяси тұлға
- Тоқаев ТМД елдерімен радиация бойынша дерек алмасу туралы заңға қол қойды
- Израиль президенті Ицхак Герцог Қазақстанға ресми сапармен келді
- Сотталған блогер Жанәбіловтер амнистияға ілінуі мүмкін
- Астанада LRT-мен жүруге арналған жеңілдік картасын кімдер ала алады?
- Ерлі-зайыпты блогер Жанәбілевтерге сот үкімі шықты
- 1 мамыр — бірлік символы: Қазақстан халқын біріктірген мереке қалай пайда болды?
- Тоқаев Оңтүстік Африка халқын бостандық күнімен құттықтады
- «247,6 млн теңге көлеміндегі шығынды толық өтеген»: Жанәбіловтер тергеумен келісімге келді
- Румынияда әйелдерді өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылады