Бектенов "Бәйтеректің" саясатын қайта қарауды тапсырды
Фото: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті.
Отырыста 2023 жылға арналған Инвестициялық саясат талаптарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынылды. Холдингтің еншілес ұйымдары экономиканың шикізаттық емес салаларының кәсіпорындарына жалпы сомасы 2,8 трлн теңге көлемінде қолдау көрсетті, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 45%-ға артық. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жатпайтын 71 мыңнан астам компания мен ұйымға 2,5 трлн теңге көлемінде қолдау көрсетілді. 2023 жылы АӨК саласын қаржыландырудың жалпы көлемі 665,2 млрд теңгені құрады. Холдингтің қолдау шараларының арқасында 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, 3,8 трлн теңгенің өнімі шығарылды және қызметтер көрсетілді.
Есептерді тыңдаған үкімет басшысы "Бәйтерек" сатыпалым ережелерін отандық тауарлардың үлесін түбегейлі арттыру жағына қарай қысқа мерзімде қайта қарау қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындар елішілік құндылықты үнемі арттырып отыруы керек.
"Біз "Бәйтерек" холдингі және басқа да даму институттары арқылы экономиканың белгілі бір кәсіпорындары мен салаларын қолдауға қомақты қаражат бөліп отырмыз. Сондықтан барлық іс-шара елішілік құндылықтың артуына ықпал етуі керек. Егер біз кәсіпкерге қолдау көрсетер болсақ, ол Қазақстанда қазір импорттап отырған тауарлардың өндірісін жолға қою, жұмыскерлердің еңбек өнімділігі мен жалақы деңгейін арттыру, қосалқы мердігерлер немесе жеткізушілер ретінде отандық кәсіпорындарды тарту сияқты қарсы міндеттемелерді де өзіне алуға тиіс", - деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр қазіргі уақытта үкімет елішілік құндылықты арттыру және отандық өндірісті дамыту жөніндегі шаралар кешенін дайындап жатқанын айтты.
Жаңалықтар
- «Қызымның сүйегін өзім жинадым»: Томиристің әкесі сотта жауап берді
- 110 күнге созылған блокададан кейін Ормуз бұғазы арқылы алғашқы танкерлер өте бастады
- Жанәбіловтерден тәркіленген көліктер аукционға шығарылды
- Ресей азаматтары Қазақстан төлқұжатымен жаппай шетелдік визаға өтініш беріп жатыр ма?
- Әлемдегі ең ұзақ тікелей әуе рейсі 2027 жылы іске қосылады
- БАӘ-де 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды
- Жамбыл облысында лауазымын пайдаланып, ірі алаяқтық жасаған екі бұрынғы полицей сотталды
- Түркістанда полицейлер қауіпті кортежді тоқтатып, ықтимал жол апатының алдын алды
- Пезешкиан АҚШ-пен жасалған меморандумды «тарихи құжат» деп атады
- Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрін меморандумға қол қойылуымен құттықтады
- Шерзат Полаттың өлімінен кейін қызметінен босатылған полицей Ақтөбеде жаңа қызметке тағайындалды
- ҚР СІМ: Қазақстан босқындардың жаппай ағылуына жол бермейді
- «Алдымда өмір бойы түрме күтіп тұр»: Атыраудағы төрт адамның өліміне қатысты сотта 70 миллион теңге талап етілді
- Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 33 млрд теңге бөлінді
- «Жағдайы жақсы отбасы»: Министр жұрт іздеген курьер әйел туралы пікір білдірді
- Тегіміз өмірге кедергі: Нұрқаділовтің немересі әкесі Қайраттың жұмыс таба алмай жүргенін жазды
- Президент дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қатысты бірқатар мәлімдеме жасады
- Астанада бір топ жасөспірім бес оқушыны соққыға жыққан
- Павлодарда 34 миллион теңгеге жөнделген көпір суға батты
- Прокуратура тағы бір «резеңке пәтерді» анықтады: Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адам тіркелген