Бекшин: Сайлау туралы жазатын БАҚ өкілдері ПТР тапсырмайды
Бұл туралы Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте хабарлады.
"Бақылаушылар мен өзге мүшелер міндетті түрде ПТР сынамасын тапсыруы керек. Екі күн ішінде сайлау учаскелерінде болатын 5840 адам сынама тапсырып болды. Олардың арасынан 8 сынама оң нәтиже көрсетіп, ол адамдар сайлауға қатысты жұмыстардан босатылды. Енді олардың орнына ауру қаупі жоқ, тестілеу нәтижесі дұрыс адамдар алынады. Бұл өте маңызды әрі дұрыс іс-шара. Сайлау қауіпсіз өтуі керек", - деді Бекшин.
Сондай-ақ, Бекшин сайлау учаскелеріне барып, ақпарат беретін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері сынама тапсыруға міндеттелмейтінін жеткізді.
"БАҚ өкілдеріне ПТР тестілеуден өту міндеттелмейді. Себебі олар сайлау учаскелерінде тәулік бойы жүрмейді. Ал тәулік бойы жұмыс істейтін сайлау комиссиясы мүшелері, бақылаушылар, комиссиясы мүшелері, басқа да қызмет көрсетушілер ПТР талдауын тапсыруға міндетті", - деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық