Бекболат Тілеухан елорданың атауын өзгертуге қарсы шықты
Экс-депутат Бекболат Тілеухан елордаға Астана атауын қайтару туралы ұсыныс жасаған депутаттарды сынға алды.
«Алатаудың бауырында туған Алматы облысының жігіті Алматыдан астананы Ақмолаға ауыстырды. Руласы да, сырласы да қарсы болды. Бәріміз куәміз. Ештеңеге қарамады. Ауыстырып әкелді. Мұрат асыл болатынын, мақсат айқын болатынын, қазаққа қажетті болашақты болжай білгендіктен, Назарбаев солай істеді. Осы біз саясаттың тереңіне бойлай алмай қалғанбыз ба, ағайын?!
Кеше ғана Хрущевтың шенгелінен аман қалған Ақмола еді ғой. Сол Ақмоланың алғашқы астана қылғандағы ойдың тереңін түсінетін жағдайымыз бар ғой, ағайын. Астанамыздың Нұр-Сұлтан аталуы - бұл тарихи әділеттілік, ердің ерекше еңбегіне берген баға, Алаштың алғысы. Айтылған сөз, аталған есім атқан оқтай қайтпаса, нағыз әділдік осы болар еді, ағайын» деп ой қозғады Бекболат Тілеухан.
Сонымен қатар, ол өз үндеуінде депутаттардың бұл әрекеттерін сынға алды.
«Назарбаевтың көзіне қалай түсерін білмей жүрген бір-екі депутат Нұр-Сұлтанның атын жойып, Алаштың аяулы ақсақалының сағын сындырмаққа бастама көтерді. Бірақ бұл бүкіл қазақтың көзқарасы деп түсінбейміз. (...) Астананың аты тағы өзгеріп жатса, берекесі, мазасы қашқан ел дейді ғой. Сондықтан тарихи әділдікке жүгініп, астана атауы Нұр-Сұлтан деп аталды. Сол атауында қалу керек» деді экс-депутат.
Бекболат Тілеухан желіде жарияланған бейне үндеуінде айтылған сөздері Тоқаевтың жолдауына қарсы бағытталмағанын және оның қазаққа арналғанын ерекше атап өтті.
Еске салсақ, жақында депутаттар елорда атауын қайта Нұр-Сұлтан деп өзгертуге бастама көтерген. Олардың айтуынша, адамның көзі тірі тұрғанда оның атымен қаланы атау дұрыс емес.
Айта кетсек, 2019 жылы наурыз айында елорда атауы елбасының құрметіне Астанадан Нұр-Сұлтанға өзгертілген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық