Бекболат Тілеухан: Нұрағаң салған нұрлы жолды қасқа жолға ұластырыңыз, Қасаға!
ІІI дәрежелі «Барыс» орденін алған Бекболат Тілеухан президент алдында сөз сөйледі.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттарға, бизнес, білім беру және денсаулық сақтау саласының өкілдеріне, мәдениет және ғылым қайраткерлеріне, спортшыларға, еңбек ардагерлеріне, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды.
Оның ішінде Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан да болған. Ол Тоқаев мырзаға алғысын айтып, сөз сөйледі.
«Аса мәртебелі Қасым-Жомарт Кемелұлы, Тәуелсіздігімізідң 30 жылдығы қарсаңында елге еңбегі сіңген азаматтармен бірге өз қолыңыздан марапатқа ие болуым зор қуаныш, үлкен мәртебе, қала берді үлкен сенім, ерекше жауапкершілік деп білдім. Елбасы іргесін қалап, қабырғасын тұрғызған мемлекеттің өрнегін айшықтап, бау-бақшасын жайнатып, қақпасын қатайтып жатырсыз, Қасаға! Адамзат абыржыған, дүниенің бір дидары бұзылыңқырап, кейбір құндылықтар артқа ысырылып, әлемді популизм жайлап, аптасы айға, айы жылға татитын қарбалас, алмағайып кезеңде Алаш жұрты ажырамаса керек-ті» деді Бекболат Тілеухан.
Тілеухан Тоқаев мырзаға «Алаш жұртын ары қарай да бастай беруін» тіледі.
«Су ағады, тас қалады, дұшпан кетеді, дос қалады. Күрделі кезең артта дегенмен, жауапты кезең алда екенін меңзедіңіз, Қасым-Жомарт Кемелұлы. Тәуелсіздігіміздің баяндылығы, еліміздің берекесі жолында Нұрағаң салған нұрлы жолмен бастай беріңіз, соны қасқа жолға ұластырыңыз. Ерте білу сізге серт, ере білу бізге серт. Екі тізгін бір шылбыр қолыңызда! Жаратқан жар болсын. Мереке құтты болсын. Тағы да алғыс айтамын» деп сөзін қорытындылады депутат.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық