Бекболат Тілеухан «Қасіретті қаңтар» туралы өз ойымен бөлісті
Мәжілістің экс-депутаты Бекболат Тілеухан Қазақстанда болған жағдай және «Қасіретті қаңтар» бойынша өз пікірімен бөлісті.
– Біздің 30 жылдық төл тарихымызда болмаған үлкен сынды бастан кештік. Бұл да бір ел тарихындағы өту керек кезең шығар бәлкім. Осы бір кезеңде бізге бұрын-соңды болмаған дәрежеде тас-түйін бірлік керек. Осы бірлік ғана біздің тәуелсіздігімізді сақтап қалады.
Ең бастысы мемлекетшілдік, ұлтжандылық болатын болса біз бұл сынақтан да абыроймен өтеміз, – деді экс-депутат Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында.
Тілеуханның айтуынша, Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен жарқын болашақ күтіп тұр.
– Президент тарапынан қаншама қадамдар жасалып жатыр. Осының бәрі түбінде жақсы нәтиже беретініне мен сенімдімін, – деп түйіндеді Бекболат Тілеухан.
Еске салсақ, әлеуметтік желілерде Мәжілістің бұрынғы депутаты Бекболат Тілеуханның ұсталғаны туралы ақпарат тарап жатты. Оның Сауд Арабиясындағы Мекке қаласында екенін экс-депутаттың туыстары растады.
2021 жылдың 29 желтоқсанында Тілеухан Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігін тоқтатқан болатын. Отырыстан шыға салысымен жанжалға ілікті. Журналистермен әңгімелесу барысында Тілеухан журналист Айнұр Қоскинаның сөздеріне «тиіскен», оның сұрақтары экс-депутатқа ұнамай қалған екен. Ауызша сөз жарысының соңында журналист экс-депутатпен бірге лифтке кірді. Ол шыққаннан экс-депутат Тілеуханның өзін ұрғанын, сонымен қатар жеке затын бұзғанын айтты.
Жаңалықтар
- «40 адамның қызметін енді компьютер атқарады»: Алматы метросында мамандар жұмысынан айырылуы мүмкін
- Журналистер одағы 2026 жылға арналған сыйлық пен марапат лауреаттарын жариялады
- Шілде айынан бастап Қазақстанда әскерге шақыру цифрландырылады
- Ресейдегі газ өңдеу зауытына жасалған шабуыл Қарашығанақ газына қатысты мәселені қайта көтерді
- Сhildfree идеологиясына қарсы пәтуа: «Кедейлік – бала тумай қоюға себеп емес»
- CNN: АҚШ-тың Ұлттық барлау жүйесінде жаппай жұмыстан босату жүріп жатыр
- Алматының Райымбек даңғылындағы BRT жобасының орнына SkyTrain жүйесі іске қосылады
- Алматылық полицейді өлтіріп, денесін өртеп жіберген: Іс бойынша әйелі мен ұлы ұсталды
- Қарт әкесін сабап, оны видеоға түсіріп таратқан «батыр бала» бес тәулікке қамалды
- Ербаянның өлімі: Тапаншаға ұмтылған полицейдің әрекетіне құқықтық баға беріледі
- Ербаян Мұхтардың әкесі жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды: Отбасы мәйітхана алдында жүр
- Түркістан облысында күре жолдың бетон жабындысы көтеріліп кетті. Аптап ыстық себеп пе?
- Ербаянның қазасына қатысты ДСМ мәлімет берді: Науқастың жағдайы өзгермеді
- Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараны демаркациялауды әлі де жалғастыруда
- Қазақстан мен Еуропалық одақ 12 миллиард долларлық келісім дайындап жатыр
- Тоқаев ЕО дөңгелек үстелінде: Біз білімге негізделген экономика қалыптастыруға ұмтыламыз
- 150 млн еуро инвестиция: Тоқаев пен ЕО басшылары жаңа келісімдерге келді
- Ербаян Мұхтар қайтыс болды
- Тоқаев: Бельгия — Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі
- 102 адам мейрамханадағы астан уланды: Сот қылмыстық іс қозғады