Бекболат Тілеухан Арон Атабекке қатысты ақпаратқа түсініктеме берді
Депутат Бекболат Тілеухан марқұм Арон Атабек туралы айтты.
Азаттық радиосының хабарлауынша, ол 15 жыл бұрын көмек сұраған Арон Атабектің сөзіне арбалып, істің байыбына бармай, артынша опық жеген.
– Басында түсіндірген кезде ол кісі керемет шешен болды. Елпілдеп кеттім. Шынымен қызу кірістім. Шаңырақтың мәселесін парламент қабырғасында кәдімгідей қозғадым. «Бекболат, сен эмоцияға салынба, тұра тұр, бұл нәрсені тексеріп ал!» дегендер болды. Мен тексерместен кірістім. Сол кездегі ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановты парламентке шақырдым... Кейін маған түсіндірген кезде істеп жатқан нәрселердің барлығы қарап отырсақ, шынында да бәрі дәлелденген, айтып отырған айғақтардың барлығына көзімді жеткізді, - деді депутат.
Ол сөзінің арасында сол кезде бұрынғы Алматы әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен кездескенін, сондай-ақ, ол өзінің Шаңырақ ісі бойынша сотқа шақырылмағанын айтты.
Еске салсақ, 7 желтоқсанда құқық қорғаушылар Арон Атабек депутат Бекболат Тілеуханның көмекшісі болғанын мәлімдеген.
Арон Атабек 2007 жылы Шаңырақта тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айрылған. Жақында денсаулығына байланысты жазасы жеңілдетіліп, босатылған. Араға екі ай салып, 24 қараша күні диссидент ақын көз жұмған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық