Бейжіңде танымал қазақ әндерінің жинағы қытай тілінде таныстырылды
Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Бейжіңде танымал қазақ әндерінің қытай тіліндегі аудармалары жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қытай астанасында ҚР Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен Абай Құнанбаев, Шәмші Қалдаяқов, Алтынбек Қоразбаев, Нұрғиса Тілендиев және т.б. қазақтың көрнекті қайраткерлерінің туындылары таныстырылды. Атап айтқанда 30 танымал өнер адамдарының музыкалық туындысын қамтитын танымал қазақ әндерінің қытай тіліндегі аудармаларының бірінші жинағының тұсаукесері өтті.
Әндердің аудармасын «Халық музыкасы» баспасының көмегімен белгілі жазушы, Қытай Халықтық-саяси консультативтік кеңесінің бұрынғы мүшесі Акбар Мәжит жасағаны атап өтілді.
«Іс-шара қонақтары Қытайдың мемлекеттік органдары, академиялық және шығармашылық зиялы қауымының, қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ қытайлық және қазақстандық БАҚ журналистері болды. Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев халықтар арасындағы мәдениет пен әдет-ғұрыпты тереңірек қабылдау музыка мен ән арқылы жүзеге асатынын атап өтті. Осы орайда ол бұл жинақ Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен тату көршіліктің іргетасын қалауға тағы бір жарқын үлес болатынына сенім білдірді. Өз сөзінде қазақстандық дипломат биылғы жылы Қытайда мәдени іс-шаралар ұйымдастыру жоспарымен де бөлісті» делінген хабарламада.
Әкбар Мәжит – қытай тілінде жазатын аз ұлт өкілдерінен шыққан Қытай Халық Республикасының көрнекті жазушыларының бірі. 1982 жылдан Қытай Жазушылар одағының, ҚХР Халықтық саяси консультативтік кеңесінің мүшесі, үш мәрте ҚХР Мемлекеттік сыйлығының, II дәрежелі «Достық» орденінің иегері, оннан астам кітаптың, оның ішінде Абай шығармалары аудармаларының авторы.
«Әкбар Мәжиттің аудармалары мен шығармашылық ізденістерінің арқасында бүгінде қытайлық оқырман мен тыңдарман қазақ әдебиетінің көрнекті классиктері мен белгілі композиторлар шығармаларымен танысып, оларды тамашалауға мүмкіндік алды», - деп атап өтті ҚР СІМ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық