Бейжің Израиль-Палестина мәселесін шешудің жолын ұсынды
Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Израиль-Палестина қақтығыстарының шиеленісуіне байланысты халықаралық конференция өткізуге шақырды, - деп хабарлайды Orda.kz. Anadolu басылымына сілтеме жасап.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Ван И халықаралық қауымдастықты «екі халыққа екі мемлекет» қағидасына негізделген кеңірек консенсус жасауға итермелеу үшін жақын арада ең беделді және ықпалды халықаралық бейбітшілік конференциясын өткізуге, сондай-ақ оны жүзеге асырудың күнтізбелік кестесі мен жол картасын қалыптастыруға шақырды.
Қытай министрі Палестина мәселесі Таяу Шығыстағы реттеудің өзегі екеніне назар аударды.
«Мәселенің өзегі - Палестина халқы үшін әділеттілікке қол жеткізілмеді. Бұл қақтығыс Палестина мәселесін шешудің жолы шынайы бейбіт келіссөздерді ертерек қайта бастау және олардың заңды құқықтарын жүзеге асыруда екенін тағы бір қайғылы түрде дәлелдеді», - деді Ван И.
Қытайдың бас дипломаты Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестина мәселесін шешуде лайықты рөл атқару жауапкершілігі мен міндеті екенін еске салды.
«Қытай Израиль-Палестина қақтығысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді қолдайды, гуманитарлық мәселелерге назар аудару қажеттілігімен келіседі және атысты тоқтату, зорлық-зомбылықты тоқтату, бейбіт тұрғындарды қорғау және халықаралық келісімдер жасауға шақырады», - деп атап өтті ол.
Қытай қақтығыстың барлық тараптарын сабырлылық танытып, аймақтық шиеленісті тез арада бәсеңдетуге және қақтығыстың одан әрі шиеленісуіне жол бермеуге шақырады. Ең басты басымдық бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көмек жеткізу дәліздерін ашу болуы тиіс. Газа секторындағы ауыр гуманитарлық дағдарысқа тосқауыл қою қажет, деп қосты Ван И.
Израиль-Палестина қақтығысы ушыға бастағаннан бері 1500-ден астам палестиналық және 1300 израильдік қаза тапты. Израиль Газа секторына су мен электр энергиясын жеткізуге тосқауыл қойып, «Хамасты жер бетінен жою» үшін жердегі операцияға дайындалуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық