Бейжің Олимпиадасы: Қалың қарға байланысты фристайл жарысы тоқтатылды
Қытайдағы қалың жауған қар «слоупстайл» бойынша әйелдер арасындағы фристайл жарысының тоқтатылуына себеп болды.
Бүгін таңертең Чжанцзякоу мен Яньциндегі Олимпиада нысандарын жауған қалың қар әйелдердің «слоупстайл» бойынша біліктіліктерін сынауына кедергі болды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар шаңғышыларға арналған жаттығулардыда тоқтатты.
Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) баспасөз қызметі Бейжің метеорологиялық қызметі қардың қалың түсуіне байланысты «сары» ескерту жариялағанын хабарлады . Жергілікті билік тұрғындар мен қонақтарға, әсіресе, қала сыртына шықпауға кеңес берді.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, фристайл жарысы бастапқыда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де басталуы керек еді, бірақ 12:00-ге шегерілді. Кейіннен жарыстың іріктеу кезеңі 14 ақпанда басталып, финалдық жарыстар 15 ақпанда өтетіні белгілі болды.
Еске салайық, Бейжіңде 20 ақпанда аяқталатын Қысқы Олимпиада ойындары өтуде. «Слопстайлдан» 27 спортшының қатысатындығы жарияланғаны белгілі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық