Бейжіңде Ахмет Байтұрсынов пен Роза Бағланованы еске алу кеші өтті
Сурет: kaztag.kz
Бейжіңде Ахмет Байтұрсынов пен Роза Бағланованы еске алу кеші өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
«А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Р.Бағланованың 100 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінде атақты мерейтойларға арналған салтанатты шара өтті. Шара аясында қазақ диаспорасының өкілдері мен қазақстандықтардың өскелең ұрпағы үшін ұлы қазақстандық қайраткерлердің өмірі мен қызметі туралы дәріс ұйымдастырылды, сондай-ақ А.Байтұрсынұлының қазақ жазуының дамуына қосқан үлесі туралы деректі фильм көрсетілді» делінген хабарламада.
Шығармашылық кеш барысында А.Байтұрсынов пен Р.Бағланованың мерейтойларына арналған пошталық конверттердің тұсаукесері өтті. Бұл конверттерді елшілік қытайлық «Beijing Diplomatic Gift Co.Ltd» компаниясымен бірлесіп шығарған.
Мерекелік концерт шараға ерекше көңіл-күй сыйлап, қазақ және қытай жастары А.Байтұрсынұлының әйгілі шығармаларын жатқа айтып, вокалдық және би өнерін ұсынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық