«Бейсен және болмыс» кітабына қатысты дау туды
Фото: Жеңіс Ысқабай
Қазақстандық фотограф Жеңіс Ысқабай авторлық құқықты бұзғаны үшін «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорынан 55,3 миллион теңге өндіріп алуға тырысты, деп хабарлайды Orda.kz.
Қор Ысқабай түсірген портретті «Бейсен және болмыс» кітабының мұқабасына қойып, оның көшірмесін otbasy.com сайтына және әлеуметтік желілерге салған. Кітап шығарғандар сурет авторын көрсетпеген, пайдалануға рұқсат сұрамаған. Жеңіс Ысқабай бұл авторлық құқықтың бұзылуы деп санайды.
Кітап алғаш рет 2021 жылы жарық көріп, үш мың теңгеден сатылды. Жеңіс Ысқабайдың айтуынша, кітап бір сәтте тіпті бестселлерге айналып, бір жылдан кейін тағы 1500 данасы қайта шығарылды. Осыдан кейін шығарма мезгіл-мезгіл шығарыла берді. Идеяның авторы және осы кітапты жасауға шабыттандырушы — мәжіліс депутаты Абзал Құспан. Фотографтың оған жеке шағымы жоқ, тек әділеттілікті қалпына келтіруге тырысады.
Жауапкердің өкілі фотографтың дәлелдерін толық мойындамай, кітаптарды басып шығарған баспахана қателігін алға тартты. Сотта жауапкер кітаптағы фотосуреттің авторы көрсетілуін талап етті.
«Кітапта менен басқа кітап жасауға қатысы бар барлық авторлар туралы айтылған. Мұндай жұмыстың болғаны қуантады, бірақ неге менің жұмысым бар да, атым жоқ? Алдымен мен ескерту жасадым, содан кейін шыққан басылымдарда да менің авторлығым көрсетілмеді», дейді фотограф.
Марқұм Бейсен Құранбектің жұбайы да фотосуреттің Жеңіс Ысқабайға тиесілі екенін растады, бірақ мұндай дау туындауы мүмкін деп ойламады, өйткені туынды күйеуін еске алуға арналған. Ол өзі, сотта айтылғандай, өзіне 500 кітап сатып алды.
Фотограф суретті 2014 жылы түсірген. Жеңіс Ысқабайдың құқықтары толығымен қорғалды. Алайда, жауапкерлер бұл кітапты Бейсен Құранбекті еске алу үшін жасағанын ескерсек (кітап авторы оның досы — Санжар Керімбай), фотографқа ол сотта талап еткен 55,3 млн теңгенің орнына 500 АЕК немесе 1 846 00 теңге төлеу туралы қаулы шықты.
«Жеңіс Ысқабайдың талабы ішінара қанағаттандырылсын. Бұзылған авторлық құқық үшін «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорынан 500 АЕК өтемақы өндірілсін. Жеңіс Ысқабайдың бұзылған авторлық құқығы қалпына келтірілсін. «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорынан өкілдің қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығын 505 050 теңге мөлшерінде, нотариус қызметіне ақы төлеу шығыны 102 564 теңге мөлшерінде өндірілсін. Жеңіс Ысқабайдың талап арызының қалған бөлігін қанағаттандырудан бас тартылсын», деп айтылған сот шешімінде
Жаңалықтар
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
- Алматыда қар көшкіні мен тас құлау қаупі: ТЖД ескерту жасады
- Шымкентте 1,7 млрд теңгенің негізсіз бюджет шығындары анықталды
- Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан Иранмен бірлескен жобаларын уақытша тоқтатты
- Ерлан Қошанов Парламентаралық Одақтың 152-ші Ассамблеясында сөз сөйледі
- Израиль мен Ливан арасында 10 күндік бітім жарияланды — Трамп