Бейбіт халыққа оқ атқан мергендер кімдер? – Байменов
Қоғам қайраткері Әлихан Байменов Qasqa Jol арнасына сұхбат беріп, қаңтар оқиғасына қатысты тергеулер туралы пікір білдірді.
Әлихан Байменовтің айтуынша, ең алдымен бейбіт халыққа оқ атқандарды тергеу керек.
– Қазір көшеге шыққан халықты тергеп жатыр. Ал оқ атқан мергендер кімдер, бейбіт халық қандай оқтан қаза тапты? Қандай оқ, қандай мақсатпен атылды? Осыны зерттеп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту керек. Екінші жағынан, құқық қорғау жүйесіндегі үлкен реформада полицияны тәрбиелеу жұмысына көп мән беруіміз керек, - деді қоғам қайраткері.
Сұхбат барысында Байменов өзіне халифат құруға ұсыныс жасағандар болғанын айтты.
– 2005 жылы сайлау алдында маған үш-төрт адам келді. Сіздің әкеңіз имам болғанын білеміз, халифат құруға қалай қарайсыз деді. Мен қарсымын дедім. Моральдық тұрғыдан алғанда дін басшысына қойылатын талап мемлекет басшысына қойылатын талаптан жоғары екенін айттым. Біз Иранды, басқаны көріп отырмыз. Егер 100 адамды жинап біздің мүфтият өкілдерімен қатар қойсаң, адамдарды тартып әкетуі мүмкін, - деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық