Бейәдеп сөйлейтін педагогтың тағы бір видеосы желіде жарияланды
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қатысты тағы бір видеоны журналист Сәуле Әбілдаханқызы жариялады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Шерімқұлов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болған Ұлжан Елмұратова жол үстінде боқтап, бейәдеп сөйлеуінің себебін «балаларымның өмірі үшін істедім» деп түсіндірген.
Сәуле Әбілдаханқызы жариялаған видеодан оның көлік басқарып келе жатып та боқтағанын және бір көліктің артынан қуып бара жатқанын көруге болады. Журналист жазбасында тәрбие ісі жөніндегі орынбасарға қатысты тағы да арыз-шағымдардың келіп жатқанын жазған.
– Зауыш қатындарыңды қанша ақтап, мені қанша қараласаңдар да, аққа құдай жақ. Зауыштың артынан кеп жатқан қаншама арыз-шағымдар мен видеоларды жарияласам, ол қатындарың түрмеден бір-ақ шығады... бүгіннің өзінде Бадам ауылына шақырып, сол қатын туралы арыз айтамыз деп үш рет звондады... қолым тимей жатыр... қоймайды екенсіңдер, жақын күндері барып ол адамдардың арызын тыңдап, тағы да жариялауға мәжбүрмін... қой дегенде, қойсаңдаршы, - делінген жазбада
Сонымен қатар бұл видеомен белсенді Айгүл Орынбек бөлісіп, жазба қалдырды.
– Балам 39 темпр-мен ауырып , көлігім перьезде тұрып қалды дегені де өтірік! Халықтың алдына балаларын айтып шықса, халық ерсі әрекетін кешіріп құтылып кетем деп ойлаған шығар ия?
Өзіңнің жаман іс әрекетіңе балаларыңды жамылу ол дұрыс емес!Қасына отырған қызына «телефонға түсір» деп, оларды артынан қуып бара жатқанда көлік аударылып кетсе не болар еді?
Ордабасыдағы Хит болған орынбасар ауылда соңғы екі жылда белсенділікпен айналысып жүрген блогер екен.
Әкімді қорғап, әкім үшін халықпен ұрсып тұрған видеосын көріп шок болып отырмын.
Ордабасы ауданы неге былығып кеткен?,- делінген жазбада.
Orda.kz. редакциясы әлеуметтік желідегі жазбалар қаз-қалпында берілгенін ескертеді.
Жаңалықтар
- Омбыдағы гүлзар алаңына Кемел Тоқаевтың есімін беру ұсынылды
- Өзбекстанда әліпби өзгереді: 26 әріптің орнына 28 әріп болады
- Ақтаудағы кафелердің бірінде атыс болып, ер адамның бетіне оқ тиді
- Алматы мен Астанада аптап ыстық күшейеді: Ауа температурасы +38 градусқа дейін жетеді
- Студент қос аяғынан айырылды: Арыс әкімінің ұлы неге күдікке ілінді?
- Қытайдағы алапат тасқын: Қырыққа жуық адам қаза тауып, іздестіру жұмыстары жүріп жатыр
- Мас болып екі көлікпен соқтығысқан Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалды
- Қазақстанда тағы үш жол учаскесі ақылы болады
- Қайын жұртын жалмаған: Прокурор Сұлтан Сәрсемалиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Қазақстан 2026–2027 жылдары бірден жеті әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды
- Алматы облысында 2025 жылы жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды
- Атыраудағы түгелдей бір отбасының ажалы: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
- Данияр Елеусінов Астанада екі жол апатына қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- Түркістан полициясы журналистің ұрланған көлігін бірнеше сағат ішінде тауып берді
- АҚШ Иранға жаңа соққы жасады, Тегеран америкалық базаларға шабуылмен қарымта берді
- Чемпиондар лигасы: «Қайрат» өз алаңында «Сутьесканы» 2:1 есебімен жеңді
- Ескі асфальтқа төгілген тас: Тарбағатай–Аягөз тасжолы сынға ұшырады
- Зейнет жинағы бойынша ең бай болашақ зейнеткерлер белгілі болды
- Сайлауда жалған ақпарат таратқандар жазаланады
- Тасмағамбетовпен бірге қызмет еткен бұрынғы шенеунік халықаралық іздеуге жарияланды