Бажкенованың апта сайынғы шолуында Қазақстандағы және одан тысқары оқиғалар
Осы аптадағы Қазақстанда және одан тыс жерлерде болған оқиғалардың ең қызықты және көп талқыланғандары туралы.
Қазақстан Армениямен бірге ҰҚШҰ-дан шыға ма? Бұл қауесет ақпараттық кеңістікті жарып жіберді десек те болады. Әрине, бұл жалған ақпарат болып шықты. Ал Тоқаев АҚШ-қа сапары және Байденмен кездескеннен кейін Ресей премьер-министрі Мишустинмен кездесіп, Владимир Путинге сәлем жолдады.
Күндіз шаммен іздеп жүріп, ақыры Солтүстік Қазақстан облысына әкім таптық. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі директорының креслосы бос тұр. Ал бұрынғы министрлер де креслоға қонжиды – Ақпарат министрі Қадырәлі сенатор болса, экология министрі Зулфия Сүлейменова президенттің кеңесшісі болып шыға келді. Әділет министрлігі несіне қуанып отыр?
Еуропадағы сот молдовалық миллиардерлер Статиге қарызы үшін «Қазмұнайгаз» акцияларын тартып алу туралы шешімін өзгертті.
ҰҚК қызметкерлері Храпуновтардың тәркіленген мүлкін қалай тапа-тармағай талапайлап кетті? Сот аяқталды, зәулім үйлер қалды.
Радикалды исламшылар туралы пікірі үшін депутат Зайытовқа петиция жианағандар бар: кейбіреулер әлемжеліде халық айтыскерінің отставкаға кетуіне дауыс беруге шақыруда.
Ал, Өзбекстанда бетін бүркеуге тыйым салатын жаңа заңды орындау барысында алғашқы бетін жапқан әйел ұсталды.
Азиададағы спортшыларымыз шағымдануда – дәл жарыс үстінде олардың спорттық киімдері жыртылып, айырылып жатыр. Енді қазақстандық спортшылар мәреге медальсыз ғана емес, шалбарсыз да шаба берсе болады...
https://www.youtube.com/watch?v=kKjurLUzGpQ&t=1319s
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық