Бажкеновамен осы аптаның маңызды оқиғаларын талдау
Өткен аптада болған оқиғалар туралы немесе жұрт сөз қылуға батпай, сыбырлап қана айтуға тырысатын әңгімелер Бажкенованың жаңа шығырылымында.
Премьер-министрдің бұрынғы орынбасары, Астана әкімі Алтай Көлгіновтің басына бұлт үйірілді. Отставкаға кетумен іс бітпеуі мүмкін. Оның тағдыры барша әкімдерді, әсіресе, Алматы әкімі Досаевты оятса дейміз.
Алматының бірнеше ауданы бір айдан бері сусыз күн кешіп жатыр, жұрттар әлеуметік желіде әл-Фараби көшесін жабуды талқылап жатыр. Су дағдарысына әкімдік пен «Орхан» сумен жабдықтаушы ЖШС монополисі Болат Назарбаевтың компаниясы арасындағы кикілжің себеп болып отыр.
Болат Назарбаевтан өкіметке өтті деп ойлап жүрген «Алтын Орда» базары не болып жатыр? Бұрынғы шенеунік әрі депутат, тіркелмеген «Ел тірегі» партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаев не үшін ұсталды? Мырзахметовтың блокноты – «Атамекен» ҰКП бұрынғы төрағасы кімге және не үшін пара берді?
Құқық қорғаушылар Қанды Қаңтар кітабын басып шығарды – қаңтар оқиғасының құрбандары куәлік еткен. Фактілермен жұмыс істеу барысында авторларға көптеген қоқан-лоққылар түскен. Қаңтар кезінде өртенген Алматы әкімдігі жақын арада тапсырылады, ал ғимаратты мәслихат депутатының фирмасы жөндеп жатыр – қаңтардағы қанды жуып кетірмекші болған депутат 17 миллиард теңгенің жұмысын конкурссыз алған.
Сотталушы Мұхамедиұлы антикорды бопсалады деп айыптады. Депутат абақтыда жатқан Сатыбалдыға «Double Three» қонақүйін тікелей түрме камерасынан сатып алды деп айыптады. Антикор оларды өтірік ақпарат таратты деп айыптап, оларды қатаң жазалауға уәде берді.
Астана форумы 90 халықаралық сарапшылар мен спикерлердің басын қосты. Бұл бізге не үшін қажет, жалпы бұл бізге қажет пе?
Бұрынғы президент Назарбаевқа берілген артықшылықтар біртіндеп жойылып жатыр. Бір ай ішінде Елбасы кеңсесі жабылып, оны қорлағаны үшін берілетін жаза Қылмыстық кодекстен алынып тасталады.
Бұл туралы мына жерден көріп, пікір қалдырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық