«Бажа 2» – жаңа маусымның алғашқы сериясы рекорд жаңартты
Фото: Sәlem Entertainment
26 ақпанда көптен күткен «Бажа 2» комедиялық сериалы Marat Oralgazin YouTube-арнасында, сондай-ақ AstanaTV, TV+ және activ платформаларында көрерменге жол тартты. Жоба Sәlem Entertainment-тің қолдауымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сериалдың алғашқы 2 сериясы бірнеше күн ішінде 7,5 миллионнан астам қаралым жинап, үлкен танымалдыққа ие болды. Көрермендер жылы қабылдап, пікірлер саны күн сайын артып келеді. Бұл – «Бажа» жобасының халық арасындағы сұранысқа ие екенін әрі өзекті тақырыпты көтергенін дәлелдейді.
Оқиға ортасында – Мұха, Толик және Баха. Олар – полиция генералының үш күйеу баласы. Әрдайым бір-біріне қолдау көрсетіп, отбасы үшін өзін құрбан етуге дайын.
Алайда отбасылық өмір тек күнделікті тұрмыстық мәселелермен шектелмейді. Кейіпкерлерді үлкен сынақтар күтіп тұр:
- Балалы болу,
- Жылдам жетістікке жету жолындағы алдамшы мүмкіндіктер,
- Ажырасу қаупі мен отбасы құндылықтары үшін күрес.
Жобаның серіктесі – Аctiv бренді, «Отбасылық» тарифімен. Бұл – бірлікті бағалайтындар үшін мінсіз шешім. Сериалдың басты кейіпкерлері секілді, әрбір отбасы өмірде түрлі сынақтарға тап болады. Бірақ ең маңыздысы - әрдайым байланыста болып, бір-біріне қолдау көрсету. «Отбасылық» тарифімен activ барлық жақындарыңызды бір желіге біріктіріп, интернет пен минуттарды бөлісуге мүмкіндік береді.
Режиссер: Олжас Нұрбай
Басты рөлдерде: Марат Оралғазин, Еркебұлан Мырзабек, Шерхан Пірназаров, Ұлболсын Шалқарова, Фариза Ескермес және Жазира Еркін.
«Бажа 2» сериалын YouTube, AstanaTV, TV+ және activ арқылы тамашалаңыз!
Ақпаратты Salem Entertainment компаниясының PR директоры Ролан Рысбаев ұсынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық