«Бауырымның кінәсі жоқ». Тараз тұрғыны сот ғимаратында өзін өртемек болды
Фото: Orda.kz
Бүгін Жамбыл облыстық сотының ғимаратында Нұрбина Байназарова бауыры Құрман Байназаровқа қатысты облыстық сотттың төрағасына кіре алмай жүргендігін айтып, ақырғы қадам жасады. Ол төрағамен кездесу үшін үстіне жанармай құйып өзін өртемек болған.
Нурбина Байназарованың әрекеттерінен кейін сот төрағасы оны қабылдап, мәселені әділ түрде шешуге тырысатынын айтқан.
ОҚИҒА ҚАЛАЙ ӨРБІДІ?
Құрман Байназаров ҚР Қылмыстық кодексінің 296 баптың 4 тармағы бойынша «аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Нұрбина Байназарованың айтуынша, полиция қызметкерлері Тараз қаласындағы қант зауыты аймағында қараусыз қалған ғимаратта Құрман Байназаровты ұстап алған. Құқық қорғау органының қызметкерлері Құрманның машинасының кілтін алып, ашып, орындықтың астына «гашиш» деген есірткі түрін салған. Оны көзбен көргендер де бар. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз адамдар автокөлікті айналып, ашып, ішіне қара түсті пакеттегі бір затты салып жатқанын көрген, бірақ ол адам Құрман емес деген.
26.02.2021 Ж. Жамбыл облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Құрман Байназаровты ұстап жеке тексеру жүргізеді.
– Олар інімнің көлігін тексеріп, өздері көлігіне есірткі салып жіберген, одан кейін оны тұтқындаған. Сонымен қатар, інімді пәтерде 1,5 күн ұстап, азаптаған. Бұл іс бойынша сот 2021 жылдың мамыр айынан бастап әлі күнге дейін жалғасып келеді. 10 ай ішінде 31 сот үкімі шықты. Әдетте мұндай істер 1-2 ай ішінде қаралады. Менің інім кінәсіз болса да тергеу изоляторында бір жылдан бері отыр. Ұзақ сот процесінің себебі - судья сотқа дейінгі тергеу органдарына менің інімді қандай да бір жолмен түрмеге жабуға көмектесіп жатыр.
Іс жүзінде есірткіні полицияның өзі көлікке тастады. Бұл өздерінің бейнебакылауына және көлік жанында орналасқан «Қамқор» медициналық орталығының камерасына түсіп қалған. Біз оны сотта дәлел ретінде көрсеттік. Сонымен қатар, сотта тікелей куәгерлер болды, олар полиция менің інімнің көлігінің жанында болғанын және қара пакетпен қандай да бір зат тастағанын көрген. Бейнематериалдар менің інімнің кінәсіз екенін дәлелдеді, бірақ олар бұған назар аудармай отыр, - дейді сотталушының туысы.
Сот процесінің ортасында Құрман Байназаровты ұстағандарға қатысты іс қозғалған. Бірақ іс үш айдан кейін қылмыстық құрамы жеткіліксіз болған соң тоқтатылған.
– Осыдан кейін ішкі тергеу жұмыстары жүргізілді. Жеке қауіпсіздік қызметінің қорытындысына сәйкес, Құрман Байназаровты заңсыз бостандығын шектеп, бас бостандығынан айырғаны үшін полиция қызметкерлері Руслан Хачканатов, Жалғас Әлішев, Таубеков Нұрсұлтан, Тастан Нұрбол тәртіптік жауапкершілікке қатаң сөгіс түрінде тартылды. Осыдан кейін Аюпов Дарын мен Махамбетов Мұхит тартылды. Ал заң бойынша оларға сөгіс жарияламау керек еді, оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуы керек еді. Інімнің заңсыз отырғанын ескере отырып, халықтан көмек сұраймын. Іс материалдарымен жеке таныстыруға дайынмын, - дейді Нұрбина Байназарова.
Сот төрағасымен кездесуін сұранған Нұрбина Байназарова ашуға булығып, өз өзіне жанармай құйып, өрт қоятын кезде, журналистер мен жанындағы адамдар оны өлімнен арашалап Байназарованың қолынан оттықты жұлып алған.
Сот төрағасы Ербол Ахметжанов бірінші қабатқа түсіп, Нұрбина мен Лаура Байназароваларды, Құрман Байназаровтың адвокаты Ескендір Пірмағамбетовты қабылдады. Қабылдауында сот төрағасы сотқа қысым көрсетпеу керектігін, өзін-өзі өртегеннен еш пайда болмайтындығын, бірінші сатылы сот инстанциясының шешімімен келіспеген жағдайда апеляциялық шағым арқылы сот үкімін өзгертуге болатындығын айтты.
Orda.kz аталған сот ісіне қатысты процестерді назарда ұстайтын болады.
Исламбек Дастан, Жамбыл облысы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық