Бау-бақша орнына салынған үйлер: Депутат Алматыдағы лай көшкіні болған жерді тексеру керек екенін айтты
Фото: Алматы төтенше жағдайлар департаменті
Көшкін болуы мүмкін деген ескертуге қарамастан, коттедж қалашығын салуға жер бөлінген, деп хабарлайды Orda.kz.
Әңгіме Тау-Самал ықшамауданындағы көшкіннен жартылай зақымданған Sakura Village саяжай қалашығы туралы. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өзінің Facebook-тегі парақшасында учаске тарихын айтып берді. Оның сөзінше, әкімдік бұл жерді сонау 1995 жылы жеке меншікке берген. Бастапқыда жердің қойма мақсатында пайдалануға берілген, ал 2006 жылы бұл бау-бақша өсіруге ауысқан.
2014 жылы учаске сатылып, келесі жылы оның мақсаты үшінші рет өзгерген.
Бірақ депутат жер-кадастрлық іс тізілімінде Алматы сәулет және қала құрылысы басқармасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы осы аумақтағы қауіпті факторлар тізбесі жазылған хаты бар екеніне назар аударды.
«Онда көрсетілген жер учаскесі ішінара көшелердің қызыл сызықтары шегінде, толығымен инженерлік-көліктік аймақта, жер учаскесі толығымен тектоникалық бұзылыста, Терісбұлақ өзенінің су қорғау аймағында орналасқаны және сондай-ақ жыра аумағында, жарға жақын беткейде, көшкін болуы мүмкін жерде орналасқан», - деп келтіреді Бақытжан Базарбек хат мәтінін.
Бақытжан Базарбек. Фото Бақытжан Базарбектің Facebook-парақшасынан
Мәжіліс депутатының айтуынша, сол кездегі қолданыстағы Жер кодексі редакциясына сәйкес, учаскенің нысаналы мақсатын жерді бөліктерге бөлуге сәйкес рұқсат етілген пайдалану негізінде ғана өзгертуге болатын еді.
«Жоғарыда аталған басқарма жер қатынастары бөлімімен бірлесіп, жер телімін белгіленген мақсатта пайдалану мүмкін еместігін түбегейлі анықтады» деп жазды депутат.
Базарбектің сөзінше, алайда бұған қарамастан, жер комиссиясы да, сол кездегі қала әкімі Бауыржан Байбек те жердің нысаналы мақсатын өзгертуді мақұлдаған.
«Ең бастысы, заңға сәйкес, нысаналы мақсатын өзгерту туралы түпкілікті қорытындыны сәулет органдары жер қатынастары саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп дайындайды. Ал жер телімін белгіленген мақсатта пайдалану мүмкін емес деп сәулет органдарының өздері анықтаса, онда мұндай қорытындыны қалай жасады?!», - деді Мәжіліс депутаты.
Базарбек жуырда кадастрлық нөмірі 20-315-903-303 – Sakura Village саяжай қалашығы орналасқан жер телімін тексеру үшін бастама көтеру ниеті барын жазды. Сондай-ақ депутат Алматы әкімдігі мен оның құрылымдық бөлімшелерінің іс-әрекетін тексеруге шақырды.
Еске салайық, 8 ақпанда Алматыдағы Тау-Самал ықшамауданында лай көшкіні екі үйді басып, төрт адам қаза тапты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық