Батысты судан қорғау үшін 10 мың әскер жұмылдырылды
Фото: Ашық дереккөзден
Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынына байланысты жедел штабтық жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Мақсаты - Батыс Қазақстандағы су тасқынының екінші толқыны қарсаңындағы жағдай.
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Ресей Федерациясынан Жайық өзені арқылы көлемді судың күтіліп отырғаны туралы баяндады. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында жаңбыр күтіледі. Болжамға сенсек, Жайық және Сақмар өзендерінің жоғарғы жағынан сәуір айының екінші онкүндігінде Батыс Қазақстан облысының аумағына тағы да су келеді.
«Қазіргі уақытта Орал қаласындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі – 728 см, ол 850 см қауіпті межеге жақындайды деп болжанып отыр. Батыс Қазақстан облысынан судың келуіне байланысты Атырау облысында өткен тәулікте Жайық өзеніндегі гидробекеттерде де су деңгейінің шамалы көтерілуі байқалады» делінген хабарламада.
Екінші толқынға ТЖМ, ІІМ және Ұлттық ұланның, Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Батыс Қазақстан облысында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін күштік құрылымдар 6 мың адамға, Атырау облысында 4 мың адамға дейін жеткізіледі.
«Орал мен Атырау бойынша күштер мен құралдарды барынша жұмылдыру қажет. Қазір үлкен суды елді мекендерге жеткізбей, бұрып әкету маңызды. Бүгін қосымша әскери қызметшілер мен техника жіберіле бастады. Су ағысы қарқынын ескере отырып, бірінші кезекте Оралды, одан әрі Атырауды күшейтеміз», — деді Олжас Бектенов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық