Батыс Қазақстандағы тікұшақ апатында кімдердің мерт болғандары белгілі болды
«Қазавиатранс» АҚ-ның Батыс Қазақстан облысында құлаған тікұшақ экипажының аты-жөні және «ҚазТрансОйл» АҚ-мен жасалған келісімшарт сомасы белгілі болды.
«Бұл 2021 жылғы 28 желтоқсандағы «ҚазТрансОйл» АҚ мен «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ арасында (үш жыл мерзімге) жалпы сомасы 2 609 269 534 теңгеге жасалған магистральдық мұнай құбырының үстінен ұшу туралы шарт негізінде жүзеге асырылды. Ұшу алдын ала берілген өтініш бойынша жүзеге асырылды. Төлем жұмысты аяқтау туралы сертификатқа қол қойылғаннан кейін жүзеге асырылды» делінген қысқаша мәліметте.
Құжат бойынша қайтыс болғандар:
- әуе кемесінің командирі Д.С.Қанатов;
- екінші ұшқыш В.К.Афанасьев;
- бортмеханик С.Ш.Андосов;
- инженер Ж.Қ.Досқалиев.
Зардап шеккен:
- «Қазавиатранс» АҚ инженері С.С.Щеглов;
- «ҚазТрансОйл» АҚ желілік құбыршы С.А.Ерғалиев.
Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін олар Орал қаласындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Тікұшақ «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының жоспарлы ұшуын орындады.
Апат Орал әуежайынан 54 шақырым жерде Бейбітшілік пен Чапурино ауылдарының арасындағы далада болған. Тікұшақ Атырауға қайтып келе жатқан.
Еске салсақ, 23 ақпанда Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы мұнай құбырының үстінен ұшып бара жатып, қатты қонғанын хабарлады. Қону Батыс Қазақстан облысының Чапурино ауылынан 6 шақырым жерде жүзеге асырылған. Тікұшақ бортында бес экипаж мүшесі мен екі жолаушы болған. Қазавиақұтқару тікұшағы апатынан қаза тапқандар Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазавиақұтқару» мекемесінің қызметкерлері.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық